Басқаларды үйрете жүріп, өзіміз де үйренеміз! Қалалық шебер-сынып. » СШ №12
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№12 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Басқаларды үйрете жүріп, өзіміз де үйренеміз! Қалалық шебер-сынып.
30
ноябрь
2023

Басқаларды үйрете жүріп, өзіміз де үйренеміз! Қалалық шебер-сынып.

Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен бүгін яғни  30.11.2023 жылы «Жетістік алгоритмі» аясында тарих пәні мұғалімдеріне арналған шебер - сынып өткізілді. 
  Шебер-сыныпта мектеп-гимназиямыздың тарих пәнінің  шебер ұстаздары Гаухар Кеулімжайқызы мен Динара Бақтиярқызы  өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. 
    Гаухар Кеулімжайқызы  «Тарих сабақтарында оқушылардың «тарихи ойлау» дағдысын қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті. Мақсаты: Тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру мен оқу мақсаттарын тиімді  жүзеге асыруда  концепцияларды қолдану.  
     Қазіргі мектептерде тарих пәнін оқытудың негізгі мәселелерінің бірі оқушылардың білімді өз бетінше игеруі болып табылады. Соған сәйкес мұғалімнің басты міндеті – білімнің жаңа мазмұнынан туындайтын сабақтың маңызды ерекшеліктерін анықтап, сабақтың үлгісін құру және сабақты жетілдірудің жолдарын тауып, оның сапасын арттыру. Ол үшін оқушылардың әрбіреуі тарихи оқиғаларға ғылыми тұрғыдан баға беріп, олардың сабақтастық байланысын түсінуіне жағдай жасау қажеттігін ескере отырып, «Қазақстан тарихы» пәні бойынша тарихи ойлау дағдыларды қалыптастыру және оку мақсаттарын тиімді жүзеге асыру  үшін  тарихи концептілерге (түсініктер) негізделіп өтілетіні жайлы түсінік берді.  Сонымен қатар, «QR Код Coder.ru , me-qr.com», «Командалық сурет салушы», 
«LearningApp» платформасымен жұмыс, «Интерпретация» тарихи түсінігі, «Сәттілік айналымы» , «Орамжапырақ» әдістерінің тиімді пайдалану жолдары көрсетілді. 
      Динара Бақтиярқызы  «Тарих сабағын оқытуда интернет платформалардың тиімділігі» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті.  Мақсаты: Тарих пәнін оқытуда интернет плптформаларды  пайдалану әдістемесін негіздеу, тәжірибе жүзінде көрсету арқылы тиімділігін дәлелдеу.
    Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. Білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқытуда техникалық құралдарынның бірі-пайдалы мобильдік қосымшалар болып саналады. Бірнеше оқу әдістерін салыстыра қарастыру арқылы оқытудың  жаңа  технологияларын  таңдап, өз сабақтарымызда қолданамыз.
Интернет ресурсы (Ресурсы Интернет; facility internet) — Veb серверлерде орналасқан интернеттің ақпараттық материалдарының жиынтығына арналған ортақ атауына, оқытудағы интернет ресурстардың артықшылығына тоқталды. 
Пәнге қызығушылық артады.
Пәнге қызығушылық танытқан оқушылар анықталады.
Жарыс форматы есебінен оқыту нәтижесі артады.
Командада жұмыс істеу және шешім қабылдау дағдыларын дамытады.
Оқушылардың ерік-жігерлік және көшбасшылық қасиеттері дамуда.
ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУДЫҢ БІР ТҮРІ  - WORDWALL платформасымен жұмыстың тиімділігін практика жүзінде  көрсетті.  Сонымен қатар,  «ZipGrade «мобильдік қосымшасы оқушылардың жауаптарын сканерлеп, жылдам тест нәтижесін анықтауға мүмкіндік беретіні жайлы түсінік берді. 
     Шебер-сыныпқа қатысқан әріптестеріміз алғыстарын білдіріп, құнды пікір айтып, кері  байланыс берді.  
     Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив