02
июнь
2025
"МҰҒАЛІМ ТӘЖІРИБЕСІ ЗЕРТТЕУДІҢ ЗАМАНАУИ ҮРДІСТЕРІ" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҮІ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ- ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ
"МҰҒАЛІМ ТӘЖІРИБЕСІ ЗЕРТТЕУДІҢ ЗАМАНАУИ ҮРДІСТЕРІ" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҮІ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ- ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткелік мектебінде ҮІ облыстық ғылыми- тәжірибелік конференция өткізілді. Конференция барысында пәндік және әдістемелік бағыттар бойынша тақырыптық секциялар мен шеберлік сағаттар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: -Жасанды интеллект және ағылшын тілі пәні; -Жаратылыстану пәндері; -Білім берудегі менеджмент; -Қоғамдық- гуманитарлық пәндер; -Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру; - Оқушының әл- ауқаты мен тәрбие қызметін ұйымдастыру бағыттары бойынша шеберлік сағаттары өткізілді. Конференция аясында Керімбай атындағы №12 мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуатова Ұлжан Аманбайқызы "5 сынып оқушыларының әдебиет сабағында әдеби тілде сөйлеу дағдыларын қалай дамытамыз?" және тарих пәнінің мұғалімі Жампозова Динара Қабылғалиқызы "Тарих сабағында оқушылардың айтылым дағдысын жетілдіру үшін оқытуда белсенді әдіс- тәсілдерді қолдану" тақырыптарында баяндама оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Конференция соңында постерлік сессия ұйымдастырылып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. 

