24
октябрь
2023
«Сабақ Time» жобасы аясында облыстық ашық сабақтар циклі өтті.
«Сабақ Time» жобасы аясында «Математика сабағында белсенді оқыту әдістерін қолданудың тиімді жолдары» атты облыстық ашық сабақтар циклі өтті.
Оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 20 қазан күні облыстық тәжірибелі математика пәнінің педагогтері ашық сабақтар өткізді. Мақсаты: кәсіби біліктілігі жоғары педагогтердің әлеуетін «Математика» пәнін оқытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындауға жұмылдыру.
Аталған ашық сабақтар циклына мектеп-гимназиямыздың математика пәні мұғалімі , педагог-шебер Рабиға Шамшиддинқызы қатысып, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
8- сынып білім алушыларымен «y=√x функциясы, оның графигі мен қасиеттері»тақырыбында сабақ көрсетті. «Geogebra» бағдарламасы арқылы жеке білім алушымен жұмыс жүргізді. «Бильярд» ойыны. Әр топтан бір оқушы шығып, бильярд ойнап, тиісті нүктелерді анықтап тапсырмаларды орындады. Білім алушылар сабақ бойынша пікірлерін стикерлерге жазды.«Мынаған таң қалдым»,«Менің ойым мынадай»,«Маған қиын болғаны»
Балалар тікбұрышты координаталар жүйесінде нүктелер тапты, графиктер сызды, графиктерді шаблон арқылы және "Geogebra" бағдарламасын қолданып тексерді
Оқыту үдерісінде оқушылардың білім сапасын арттырудың жолдары бойынша тәжірибе алмасты.