12
декабрь
2023
Шебер сынып
Ұстаз ізденгіш болуы,ойлай білуі,қандай істі болсын,бар ынтасымен атқара білуі керек
В. Маяковский.
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне - өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Біздің міндетіміз – жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.
Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі екенін ескере отырып,қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жетістік алгоритмі» аясында өткен шебер-сыныпта мектеп-гимназиямыздың география пәні мұғалімі Жанат Кеулімжайқызы «География сабағында білім алушылардың танымдық белсенділіктерін жандандырудың тиімді жолдары» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау мақсатында түрлі әдіс-тәсілдердің түрлерін көрсетіп, практикалық жұмыстар жүргізді.