“ 50 жыл - алтын белес. Мектеп - мәңгі жүректе” » СШ №12
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№12 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “ 50 жыл - алтын белес. Мектеп - мәңгі жүректе”
24
май
2025

“ 50 жыл - алтын белес. Мектеп - мәңгі жүректе”

“ 50 жыл - алтын белес. Мектеп - мәңгі жүректе”
    Биылғы көктем мектеп- гимназиямыздың тарихында ерекше бір белеске айналды. 1975 жылы алтын ұясынан үлкен өмірге жолдама алған түлектеріміздің мектеппен қоштасқанына 50 жыл толып отыр. Осыған орай мектеп-гимназиямызда ардақты түлектермен әсерлі кездесу ұйымдастырылды.
   Бұл күні мектеп- гимназия қабырғасы мерекелік көңіл-күйге бөленіп, жас ұрпақ пен аға буынның тоғысу алаңына айналды.
Алтын ұядан жарты ғасыр бұрын тұлеп ұшқан түлектердің әрқайсысы - әр түрлі мамандықты игеріп, еліміздің өркендеуіне үлес қосқан, өз ортасында абыройға ие болған еңбек ардагерлері.
    Кездесу барысында түлектер өз естеліктерімен бөлісіп, ұстаздарына алғыстарын білдірді.
Кездесу соңында естелікке суретке түсті.Бұл – кейінгі буынға қалдырған тағылымды естелік әрі символдық белгі.
    Қорытындылай келе, мұндай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, рухани байланыстарды күшейте түсетіні сөзсіз. 50 жыл бұрынғы түлектеріміз – бүгінгі қоғамның арқа сүйер азаматтары. Олардың өмір жолы – кейінгі жас ұрпаққа үлгі, бағыт-бағдар.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив