Қамқоршылық кеңес отырысының баяндамасы 19.09.2019 » СШ №12
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№12 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңес отырысының баяндамасы 19.09.2019
12
август
2020

Қамқоршылық кеңес отырысының баяндамасы 19.09.2019

Құрметті қонақтар, қадірменді ата-аналар!

        Заман талабына сай білім мазмұнын  жаңартып   отыру - бүгінгі  күннің басты талабы. Осы мақсатты көздеген Керімбай атындағы №12  мектеп-гимназия ұжымы өткен оқу жылын табысты аяқтады.

         Мектеп-гимназия 2018-2019 оқу жылын 1813 оқушымен  бастап, 1803 оқушымен аяқтады. 1-4 сыныпта - 28 сынып- 5-9 сыныпта -33 сынып, 10-11 сыныпта - 6 сынып білім алды.

     Мектеп-гимназиядағы педагогикалық қызметтің білім берудің мемлекекттік стандарт талаптарына сайкестігін, мектептің одан әрі дамуын қалыптастыру мақсатында – 2018-2021 оқу жылдарға арналған «ТАБЫСҚА ҮШ ҚАДАМ»   кешенді даму бағдарламасы жасалынды.

Мектеп-гимназия ұстанымы:

ХХІ ғасырдың өзіндік моделін қалыптастыратын, елінің болашағына сеніммен қарайтын, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін, үш тұғырлы тіл саясатын ұстанған білім алушылар - Мәңгілік ел тірегі.

Миссия:

Білім алушының бойында заманауи әлемде табысты болуды қамтамасыз ететін, өмірдің түрлі жағдаяттарында шешім таба білетін дағдыларды қалыптастыру.

Мақсаты  – ұлттық және адамға тән жалпы құндылықтар, ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дарындылығын дамытуға және табысқа жетуге бағытталған  сапалы білімді  алу үшін қажетті жағдайлар жасау, сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Міндеттері:

  • Жаңартылған білім мазмұны аясында білім алушылардың білім сапасын арттыру;
  • Шәкірттердің табысқа жетудегі шығармашылық  жеке дарындылығын дамыту;
  • Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру;
  • Тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру;
  • Еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту;
  • Табысқа жетуге бағытталған жобаларды жүзеге асыру.


    «Табысқа үш қадам» кешенді даму бағдарламасын төмендегідей қадамдармен іске асырылады.

2018-2019 ж.ж – І енгізу кезеңі                       І қадам;

2019-2020 ж.ж – ІІ қалыптастыру кезеңі                      ІІ қадам;

2020-2021 ж.ж – ІІІ қорытынды кезеңі                    ІІІ қадам;

       Бағдарламада 3 жылда қол жеткізетін индикаторлар: білім сапасы, педагог кадрлардың құрамын жақсарту, жас мамандарды тәрбиелеу, мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жоспарланып, нақтыланды. Жылдық жоспарда   бір жыл ішінде алдымызға қойған нақты мақсаттарды белгілеп, жұмыс жүргізілді.  Онда - жалпыға бірдей міндетті білім берудің орындалуы, педагог кадрлармен жұмыс, мектеп құжаттарын жүргізуді бақылау, оқушылардың білім-білік дағдылары, оқу-материалдық база, пәндердің  оқыту сапасын бақылау, құқық бұзушылықтың алдын-алу, жетім, қамқорлықтағы, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасы  балаларының әл-ауқатын арттыру, психологиялық көмек, оқушылардың тәрбиелік деңгейін  жақсарту, бос уақытын ұйымдастыру, үйірме мен секциялардың, сыныптан тыс іс-шаралардың мазмұнын  жақсарту қарастырылды. Жоспарланған  іс-шаралар дер кезінде орындалып, директор жанындағы кеңес, әкімшілік кеңес, әдістемелік кеңес, педагогикалық  кеңесте қаралып отырды. «Табысқа үш қадам» кешенді даму бағдарламасы аясында 13 жоба жүзеге асырылуда.

«ZERDE»-білім сапасын арттыру жобасы;

«BILIM»-білім сапасын арттыру жобасы;

«Полиглот»-үштілділікке бағытталған жоба;

«LS»-сабақты зерттеу, мектептегі іс-әрекетті зерттеу жобасы;

«Цифрлы мектеп-гимназы» -цифрлы жүйеге көшу жобасы;

«Керімбай ұландары»-құқық бұзушылықтың алдын алу жобасы;

«Шағала»-балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жобасы;

«Табысты үштік»-ата-аналармен байланыс жобасы;

«Қоғамға қызмет ету»- білім алушыларды қоғамдық іс-шараларға араластыру;

«Саналы азамат»-білім алушыларға патриоттық тәрбие беру жобасы;

«Адал тұлға»- балаларды адалдыққа тәрбиелеу мақсатындағы жоба;

«Үлкен үзіліс» - флешмоб жобасы

«Таразыма мың тағзым»-білім алушылардың туған жеріне деген құрметін арттыру мақсатындағы жоба;

        Мектеп-гимназияда бастауыш сыныптар бойынша «BILIM», 5-11 сыныптар да «ZERDE» -білім сапасын арттыру жобалары қолға алынып, жұмыстар жүргізілді және жұмысын жалғастырмақ.  


I.1 Білім сапасы.  Жылдық қорытынды.


     Қазақ тілі- 77%                                                                Биология-57%

    Әдебиеті -79%                                                                    Химия-69%

    Орыс тілі-70%                                                  Дене шынықтыру-100%

    Орыс әдебиеті –70 %                                                              Сызу-90%

    Ағылшын тілі -72%                                                       Технология-100%

    Қаз.тарих-73%                                                                    АӘД-100%

    Д.ж.тарих-74%                                                                    Физика-62%

    География-75%                                                                   Алгебра-66%

             Жаратылыстану-72%                                                   Математика-72%

    Геометрия-66%                                                            Информатика-77%

         Мектеп-гимназияның  жалпы жыл бойынша білім сапасына келсек, тоқсан сайын зерделеніп, өсу мен кему динамикасы  салыстырылып отырды. 


     Білім сапасынын мониторингі

Жылдық қорытынды

I     тоқсан54,4%

70%

II   тоқсан      60,4%

III  тоқсан67,3%

IV  тоқсан69,5%

 Өткен оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұнымен 3,5,8 сыныптар оқыды. Оқулықпен оқушылар 100% қамтылды. 


2. Гимназия сыныптары:


           2018-2019 оқу жылында барлығы 33 гимназия сыныбы болып, 1-11 сынып аралығын қамтыды. Гимназия сыныбының ерекшелігі бастауыш сыныптарда  пәндерді кеңейтіп, жоғары  сыныптарда пәндерді тереңдетіп оқытатындығында, (қазақ,ағылшын,математика).  

Мектеп–гимназияның 3 жылдық білім сапасының  салыстырмалы көрсеткіші;





                                                                                                                            

     2016-2017жж - 61%                   2017-2018жж-67,1%          2018-2019жж-70%

      Бүгінгі күні оқушының білім сапасын анықтауды критериалды бағалау жүйесін қолданатындығын барлықтарыңыз білесіздер. Бұл балаларды бір–бірімен емес, тапсырмаға қойылған критерийлер бойынша, оқушының  сол критерийлерді  қаншалықты меңгергенін анықтау нәтижесінде бағаланады. Бұл оқушының өзінің деңгейін күнде біліп отыруына, жіберген қателерін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді

Бұл бағытта бірнеше рет ата-аналар мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

3.Қорытынды аттестаттау  және ОЖСБ-ға дайындық


9-сыныпта - 122 оқушы, 11-сыныпта -62  оқушымен ОЖСБ және ҰБТ–ға дайындық жұмыстары жүргізілді. Жыл бойынан қорытынды аттестаттауға дайындықтың қадамдық іс-қимыл жоспары жасалды. Бірнеше рет сынақ тестер, психологиялық көмек,  мамандық таңдауға көмек, ата-аналармен бірлескен жұмыс ұйымдастырылды. ЖҰМА КҮНГІ СЫНАҚ Қорытынды аттесттаттау бойынша мектеп-гимназия нәтижесі  қала бойынша алдыңғы қатардан көрініп келеді.

Оқу жылы

Орта балл

1

2016-2017

71,7

2

2017-2018

93,25

3

2018-2019

103


      Сонымен қатар, былтырғы оқу жылында сәуір айында мектеп-гимназиямыздың 4 «Д» және 8 «Д» сыныптары «Халықаралық ТИМСС-2019» зерттеуіне қатысты.  Халықаралық «ТИМСС-2019» зерттеуінің ашылуында Білім және ғылым министрлігінің өкілі Айгүл Даниярқызы келіп, білім алушыларымызға сәттілік тіледі. Мектеп-гимназия әкімшілігінен, пән мұғалімдеріне және  4 сынып ата-аналарына сауалнамалар жүргізілді. Зерттеу тестін тапсырғаннан соң білім алушыларға сертификаттар берілді.


4. Ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жұмыс.

Өткен оқу жылында 24 оқушы үйден оқытылса, 3 оқушы инклюзивті білім берумен қамтылды. Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт мектепке келе алмайтын балалар үшін ҚР  «Білім туралы заңының» 8 бап, 5 тармағына, ҚР «Білім және Ғылым министрінің №61 (2014 ж 25 ақпан) бұйрығына, Тараз қалалық ведомствоаралық психологиялық – медициналық-педагогикалық консультациясы мемлекеттік мекемесінің үй жағдайында оқытылатын оқушыларға берген қорытындысын негізге ала отырып оқу – тәрбие жұмысы ұйымдастырылды. 

Мұнда ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі №174 бұйрығының 4-қосымшасы басшылыққа алынып, мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес ұйымдастырылды. 

Үйден оқыту барысы үнемі зерделеніп отырды. Үйден оқитын балаларға психологиялық көмек көрсетіліп, түзету жұмыстары жүргізілді. 






5. Оқу процесін цифрландыру

         “Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа     индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты”. Цифрландыру дегеніміз Қазақстанның озық ел атану жолындағы мақсат емес, құрал. Бәсекеге қабілетті болу, өсімді, өнім өндіруді арттыру, міне, осы – мақсат.- деді Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауында. Заман талабына сай мектеп-гимназиямыз «ЦИФРЛЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ» жобасын жүзеге  асырып отыр.

  1. Өздерініз байқағандай биылғы оқу жылында оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 8 сәуір №179 бұйрығының 1-қосымшасын «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін бағдаарламалары бойынша оқыту үшін ведомостволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын басшылыққа ала отырып және eduschool.kz сайты арқылы қабылданды. 
  2. Былтырғы оқу жылынан бері «Күнделік.кз» жүйесі енгізіліп, жауапты мамандар белгіленген. 1813 оқушы туралы мәліметтер енгізіліп, ата-ана бұл жүйе арқылы оқушының білімін бақылап, үй тапсырмасын көріп, үнемі байланысты бола алады.
  3. Ұстаздар мен оқушыларға «Bilimland» жүйесі  де  қолжетімді. Оның білім сапасын жетілдіруде маңызы зор. Бүгінгі күні барлық мұғалім  аталған жүйеге тіркеліп , өз сабақтарында керекті ресурстарды пайдалануда.  
  4. Мектеп-гимназияда өтіп жатқан оқу-тәрбие үдерісіндегі басты жаңалықтар мен жетістіктер Фейсбук, Инстаграмм әлеуметтік желілері  және  №12 Тараз мектебі сайты арқылы жариялануда.
  5. Мектеп-гимназияға бөлінген қаражат туралы ақпарат тоқсанына бір рет №12 Тараз мектебі сайтының ашық бюджет блогында жарияланып келеді.
  6. Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау жүйесі Jumis.sitsen сайты арқылы жүргізілуде. 
  7. Мектеп-гимназияда «Робототехника негіздері» үйірмесі жұмыс жасады.
  8. Мұғалімдеріміз өз сабақтарында «QR code» әдісін пайдалануда және мектеп-гимназия стендтерінде де QR code орналастырылған.


6. Әлеуметтік жұмыстар


          Көп балалы отбасынан шыққан оқушылар саны – 439. Толық емес отбасынан шыққан оқушылар саны – 234. Тек анасымен тұратын оқушылар саны – 230. Тек әкесімен тұратын оқушылар саны – 4. Тума-туыстарымен тұратын оқушылар саны – 11. Өгей әкемен тұратын оқушылар саны – 6. Өгей шешемен тұратын оқушылар саны – 1. Қамқоршысымен (опекун) тұратын оқушылар саны – 3. Патронаттық тәрбиедегі оқушылар саны – 2. Мектепішілік есепте тұрған оқушы жоқ.

Оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басына дайындық уақыты кезінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке балалардың келмеуінің алдын алу мақсатында 2018 жылдың 1 – тамызы мен 30 – қыркүйегі аралығында Республикалық «Мектепке   жол» атты акциясы жүргізілді. 

          Осы «Мектепке жол» атты акция аясында  мектеп-гиназия ұжымы 51200теңге көлеміндегі ақшаға 4 білім алушыға мектеп формасын, мектепке қажетті құрал-жабдықтармен , «Іскер әйелдер» қоғамы үш оқушыға мектеп формасын, бір оқушыға мектепке қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етті.

       Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 13.04.2015 жылғы №198 бұйрығының 6-қосымшасымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» туралы мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.01.2008 жылғы №64 қаулысын негізге ала отырып 5 санат бойынша 77 баланың құжаты жинақталды.

         Өткен оқу жылында 77 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды. 1-жартыжылдықта ыстық тамақ бағасы 250 тг болса, сәуір айынан бастап 450тг болып, ас мәзіріне жеміс-жидектер, йогурт, ірімшік, айран қосылды. Тамақ сапасы бойынша бракераж комиссия мүшелері беріліп жатқан тамақты тексеріп отырды. Сыныптың ата-аналар комитет мүшелері де тамақ сапасын көріп, көңілдерінен шығатындығы туралы ұсыныстар қалдырып отырды.

1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасыларынан шыққан білім алушылар – 0

2. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан білім алушылар саны -65.

3.  Жетім балалар немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны – 4

4. Төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар - 0

5. Білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілер –9 .     

     Қорғаншылықтағы 4 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Тұрғын үй кезегіне қойылды. Тұрмыс-жағдайы тексерілді. Қорғаншымен үнемі әңгімелесу, сұхбаттасу жұмыстары жүргізіліп отырады. Қазан айында республикалық «Қамқоршы күні»  мерекесіне орай қалалық мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, оған мектебіміздегі екі  қорғаншы қатыстырылды. 

     Мемлекет тарапынан көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасынан шыққан 67 балаға қыстық аяқ киім, сырт киім таратылды. 

       Тараз қаласы әкімінің шыршасына көп балалы отбасынан шыққан  5 «Г» сынып оқушысы Бахыт Зарина қала әкімінің жаңа жылдық сыйлықтарын иемденді.

            Өткен оқу жылында мектеп-гимназия жанынан құрылған «Балдәурен» демалыс лагеріне аз қамсыздандырылған және көп балалы жанұядан шыққан тегін тамақ тізіміндегі    72  бала қамтылды. 

             Ал, қала сыртындағы «Болашақ» лагеріне - 11,  «Рауан»  сауықтыру лагеріне мектебімізден 10 оқушы, «Бәйтерек»  лагеріне -11 оқушы, «Берікқара» лагеріне  - 2 оқушы   қамтылды.  Барлығы – 34 оқушы. 

  1. Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар


Құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты жасалған жұмыстар туралы 2018-2019 оқу жылының жоспарында көрсетілгендей, әр айдың 2 аптасында 1-11 сыныптарда «Құқықтық білім беру» апталығы жүргізіліп, құқықтық тәрбие шаралары жасалынды. Құқықтық тәрбие саласы бойынша қыркүйек айынан бастап шағын ауданында орналасқан компьютер клубтарына, сауда орындарына, саяжайларға, көңіл көтеру орындарында рейд жүргізу айлықтары кезінде, мейрам күндері күшейтілді. Бекітілген кесте бойынша шағын ауданындағы Д.Қонаев, Жамбыл даңғылы,Қазыбек би, Әйтеке би , Желтоқсан көшелерінде орналасқан ойын-сауық орындарға «Моза», «Барбарис», «Доктор Ватсон», «Салем» , «Есперанза» кафелері, «Тараз ХОЛЛ», «Алтын шатыр» мейрамханалары мен Қ.Рысқұлбеков саябағына рейдтер жасалынды. Жалпы қалалық есепке алынған, мектепішілік есепте тұрған оқушы жоқ.

Мектеп-гимназияда жайсыз отбасынан шыққан және наркодиспансер есебінде тіркелген  оқушылар жоқ. 

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, бопсалау мен әр түрлі мәселелердің алдын алуға байланысты мектеп-гимназия ішінде  «Сенім жәшігі» қойылды. Жәшік мектепте айына 1 рет ашылып, түскен хаттар директор жанындағы, әкімшілік отырысында талқыланып отырды. Мектеп-гимназияда хиджап, паранжа,  орамал тағатын оқушылар жоқ, барлығы мектеп-гимназия киім үлгісін сақтайды.

Мектеп-гимназияда «Адал ұрпақ» клубы жұмыс жасайды. Оның 10 мүшесі бар. Жоспары жасалынып, бірнеше рет семинарлар, тренинг, кездесулер өткізілді. Мектеп-гимназия фойесінде жұма сайын «Адалдық дүкені» ұйымдастырылды. 

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 7-10 сынып оқушылары арасында «КЕРІМБАЙ ҰЛАНДАРЫ» жобасы жүзеге асырылуда.  Жобаның мақсаты: құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысты болдырмау. Осы  жылы жоба жұмыстары жалғасын таппақ.


  1. Білім саласындағы жетістіктер














Олимпиада


Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Пәні

Жетекшісі

Орны


1

Бегалы Алибек 

11

орыс тілі

Джуамнбаева Л

қала-ІІІ орын

облыс-ІІІ орын

2

Советалы Арайлым

11

тарих

Абзелова Г

қала-ІІІорын


3

Анимарбек Балтөре

10

тарих

Манасова К

қала-ІІІорын


4

Ақылбек Мерей

10

қазақ ті

Ойтаева М

қал-ІІІорын


5

Жұмағали Аруна

10

биология

Оспанова Р

қала-ІІ орын

облыс-ІІІорын


Ғылыми жоба

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Пәні

Жетекшісі

Орны


1

Дүйсенғалиев Қуаныш

9

қоршаған орта

Шартықбаева Ж

қала-ІІ орын


2

Бейсенбек Батырхан

9

математика

Қарабаева Г

қала-ІІІ орын

обл-алғыс хат

3

Бегалы Алибек 

11

орыс тілі

Джуманбаева Л

қала-ІІІорын


4

Рысбек Сәния

9

химия

Дүйсебаева А

қала-ІІІ орын 

обл-0

5

Жұмағали Аруна

10

химия

Дауталиева Г

қала-ІІорын

облыс-2 орын

     10 сынып оқушысы Жұмағали Аруна химия пәнінен Республикалық ғылыми жоба байқауына қатысып, «Алғыс хат» иеленді.

    10 «Ә» сынып оқушысы Мейірханова Айгерім  «Кітап оқып миллионер бол» байқауының 2 орын жеңімпазы атанып, 500000тг сыйақыға және   7 «Ә» сынып оқушысы  Қосыбай Сабина ұялы телефонға  ие болды.

«Ақбота» интеллектуалды байқауынан-23 орын, «British Bulldog»-тан 96 орын, «Кенгуру-лингвист»   олимпиадасынан – 75 орын, «Кенгуру-математика»   олимпиадасынан –27 орын, «Золотое руно» байқауынан -23 орын, «ПОНИ» байқауынан 4 орын,  КИО «Дарын» орталығының оқушылар арасындағы қашықтық олимпиадасынан -48 орын, «Tio.kz»,«Nio.kz» қашықтық олимпиадалары-113 орын,  мұғалімдер қатысқан байқаулардан – 35 орынды алды.

Мектеп оқушылары бұл байқаулардан да басқа төмендегідей бірнеше байқауларға қатысып жүлделермен оралып жүр.

8 «Ә» сынып оқушылары Әділ Алуа мен Изенбаева Айжан «Ғұмырдария» байқауына қатысып, І-ІІ жүлделі орындарды иеленді. 

11 «Ә» сыныбының оқушысы Нұрсейітқызы Әлия «Үздік ғылыми жоба-2019» байқауына қатысып, ТАРМПИ грантын иеленді.

Облыстық «Жас білімпаз» байқауына қатысып, Райбеков Диас, Алтай Әсем,Кеңес Нұрсұлтан, Қанаш Айгерім, Көмекбаева Балжан,Сейтбек Ерасыл І-ІІ жүлделі орындарды иеленді. 

Хусайнова Арайлым   қалалық «Табиғатты аяла» форумы       на қатысып, ІІІ  дәрежелі дипломмен марапатталды.

Қалалық ағылшын тілі пәнінен «Why do we learn English» шығарма байқауына қатысып, Аблакимова Меруерт -ІІІ орын, Сабирова Сафия       ІІІ орынды иеленді. 

Алматы қаласында өткен Республикалық «PLATON» халықаралық білім беру орталығы  ұйымдастырған ғылыми жоба байқауына 16 оқушымыз қатысып, І-ІІ жүлделі орындарды иеленіп келді.

«Altyn Tobylgy» республикалық зияткерлік олимпиадасынан Мырзахметов Беназир, Абдиеева Ботагөз, Мазбаева Айгерім, Райбеков Диас, Батырбек Темірлан, Болат Ернұр, Есіркеп Ақнұр,Мадиханова Алтынай, Кенжебаева Ситора, Батырбек Бақнұр І-ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.  

         Облыстық «Туған жерге туыңды тік» жас қаламгер байқауына қатысып, Еркінұлы Ғани-Бас жүлде, Мырзақұл Ақмөрі- І дәрежелі диплом, Қуаныш Бейбарыс-ІІІ дәрежелі дипломды иеленді.

Облыстық «Жас ғалым-жастар» байқауынан Айтбаева Айкен «Алтын жұлдыз» медалін иеленді

Қалалық    «Ш.Мұртаза оқулары» байқауынан Жарас Есей «Бас жүлдені» иеленіп, облыстан Алғыс хатпен марапатталды.



9.     Тәрбие саласындағы жетістіктер

      «Табысқа үш қадам» кешенді даму бағдарламасының «ТАБЫСТЫ

ҮШТІК» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты, міндеті айқын.  Жобаның негізгі жұмыс жүйесінде ата-аналардың сынып сағатын өтуі, жаңа форматтағы ата-аналар жиналысының өтілуі, ата-аналармен түрлі іс-шаралар ұйымдастыру   қарасытырылған.  Сонымен қатар «ҮЛКЕН ҮЗІЛІС» флешмоб жобасы, аптаның әр сәрсенбі күні өткізіліп отырады. Аталған жоба мереке күндеріне сәйкестендіріледі. 

"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жергілікті сазгер, әнші С.Бәкірмен және «Қазақстан Жамбыл» телеарнасының тілшілерімен кездесу өтті.

Оқушылардың тәрбие бойынша байқауларда 

иеленген жүлделі орындары


Оқу жылы

Халықаралық

Республикалық

Облыстық

Қалалық

Бар

лығы

Бж

І

ІІ

ІІІ

Бж

І

ІІ

ІІІ

Бж

І

ІІ

ІІІ

Бж

І

ІІ

ІІІ

2018-2019


3

10

3

5

2

32

12

12


2

10

8


1

5

15

120



10.Үйірме жұмысы


Биылғы оқу жылында мектеп-гимназиямызда 27 үйірме жұмыс жасайды. Үйірме жұмысы «Шағала» жобасы арқылы жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта өз жұмысын жалғастырмақ.Осы үйірме қатысушылары Халықаралық, Республикалық,облыстық,қалалық байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. 

Мектеп-гимназиямыздың хореография  үйірмесіндегі «Балауса» би тобының жетістіктері төмендегідей:

  • Ташкент қаласында өткен Халықаралық жасөспірімдер мен балалар фестивалінде
  •  «Жас дарын» атты ІҮ республикалық балалар мен ұстаздар арасындағы ән би байқауында
  •  «Ғұмырдария» атты жасөспірімдер мен балалар би байқауында -«Бас жүлдені»  иеленді.

     «Домбыра-дастан» үйірмесінің «Наркескен» домбыра ансамбілі Астана қаласында өткен Республикалық байқаудан «Бас жүлдемен» марапатталды.

«Шебер қолдар» үйірмесінің жетістіктері де айтарлықтай көп. Республикалық «Пчелка», «Менің өнерім», «Құс жолы» атты байқаулардан жүлделі орындарды иеленіп жүрді.

Семей қаласында өткен футболдан республикалық «Балдаурен» ұлттық мектеп лигасында «Футбол» үйірмесінің жеткіншектері   І жүлделі орынды иеленді.



  1. Мектеп ұстаздарының жетістіктері

Өткен оқу жылында мектеп-гимназияда барлығы 134 мұғалім еңбек етті, оның 51-сі - жоғары санатты,     41-і - 1 санатты,   23-і - 2 санатты,     санаты жоқ -19 педагог.  Педагог кадрларының сапалық құрамы – 69% құрады.

Педагогтарды аттестаттаудың  жаңа моделіне өтуіне байланыста педагогтарымыз былтырғы оқу жылында аттестаттаудың екі кезеңімен өз біліктіліктерін арттырды. Жалпы 2018-2019 оқу жылы бойынша 

Педагог-зеррттеуші-29, Педагог-сарапшы-28, Педагог-модератор-7 біліктіліктерін алды. 


2018-2019 оқу жылы-69%

2019-2020 оқу жылы-79,1%








Мектептің жұмысы мен оқушының жетістіктерін өрістетуші негізгі тұлға – мұғалім болғандықтан,  биылғы оқу жылында  мектеп-гимназия мұғалімдерінің жетістіктері де айтарлықтай өсті.

Республикалық, облыстық, аудандық /қалалық/ деңгейдегі басылымдарда іс-тәжірибесін  52 педагог жариялады.

 Астана қаласында өткен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған  математика пәнінен «ПЕДСТАРТ» олимпиадасы     Райкулова Сейсенкүл, Байдуанова Надира-І дәрежелі дипломмен, Жунисова Қымбат ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Облыстық «Менің іс-әрекеттегі зерттеуім» байқауынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ойтаева Майра ІІІ орынды иеленді.

      Қалалық «Үздік физика кабинеті-2019» байқауынан кабинет

меңгерушісі Қабылова Нұрсұлу Талқанбайқызы-ІІ орынды, «Үздік математика кабинеті-2019» байқауынан -Қарабаева Гүлмира Леспековна        Іорынды иеленді. 



Қашықтық олимпиадаларынан 89 ұстазымыз жүлделі орындарды иеленді.

Іс-тәжірибелері қалалық, облыстық деңгейде таратылған педагогтар

 (шығармашылық есептер, семинарлар, шығармашылық шеберханалар, шеберлік сыныптар және т.б.)

Педагог саны

Қалалық

Педагогтың аты-жөні  

Іс-тәжірибенің таратылған орны, мерзімі 

Ескерту 

1

12

«Ынтымақтастық және бірлескен жұмыс-заман талабы»

1.Тұрысбек Мұрат

2.Оспанова Роза

3.Жунисова Қымбат

4. Шалдыбаева Гүлзейнеп

5. Сипотаева Динара

6. Байдуанова Надира

7.Сейдуанова Света

8.Манасова Кенже

9. Шартықбаева Гаухар

10. Тажикова Бакыт

11. Ойтаева Майра

12. Мубаркова Салтанат

Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясы

12 желтоқсан 2018 жыло

қалалық -семинар

2

4

«Тиімді оқыту мен оқу» атты қалалық оқыту семинары

1.Мубаракова Салтанат

2.Шартықбаева Гаухар

3.Сипотаева Динара

4.Тажикова Бақыт

Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясы

31 қаңтар 2019 жыл

қалалық оқыту семинары

3

4

«Сабақты қадағалау» атты қалалық серіктес мектептерді оқыту семинары

1.Мубаракова Салтанат

2.Шартықбаева Гаухар

3.Сипотаева Динара

4.Тажикова Бақыт

Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясы

28 ақпан 2019 жыл

қалалық оқыту семинары

4

4

«Футбол ойынын сынақтан өткізу» қалалық семинар-практикум

1.Шекеев Айдын

2.Қапаров Елдар

3.Туреханов Нурлыхан

4.Дүйсенбаев Олжас

Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясы

25 ақпан 2019 жыл

қалалық -семинар

5

4

«Жаңартылған білім беру мазмұнында оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану»

1.Тұрысбек Мұрат

2.Мубаракова Салтанат

3.Жунисова Қымбат

4. Орынбаева Құралай

Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясы

17 сәуір 2019 жыл

қалалық шебер сынып

6

4

 «Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» атты қалалық серіктес мектептерді оқыту семинары

1.Мубаракова Салтанат

2.Шартықбаева Гаухар

3.Сипотаева Динара

4.Тажикова Бақыт

Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясы

28 наурыз 2019 жыл

қалалық оқыту семинары

7

5

«Танымдық дағдыларды дамытудың практикалық тәсілдері»     атты қалалық серіктес мектептерді оқыту семинары

1.Мубаракова Салтанат

2.Шартықбаева Гаухар

3.Сипотаева Динара

4.Тажикова Бақыт

5.Нарегеева Агура ПШО тренері

Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясы

14 мамыр 2019 жыл

қалалық оқыту семинары

8


«Ең үлкен ортақ бөлгіш» ;

Нүсіпалиева Гүлзат

математика пәнінен қалалық онлайн  сабақ

8.10.2018жыл

қалалық онлайн сабақ; тәжірибе алмасты

9


«Математикалық сауаттылықтан есептер шығару жолдары»

Нүсіпалиева Гүлзат

математика пәнінен облыстық онлайн сабақ

ақпан 2019 жыл

облыстық онлайн сабақ; тәжірибе алмасты

10


«Жай бөлшектерді қосу және азайту» 

Оңалбаева Айнұр

Облыстық әдістемелік кабинет

8.11.2018жыл

облыстық онлайн сабақ; тәжірибе алмасты

11


«Сызықтық функция»

Қарабаева Гүлмира

Облыстық әдістемелік кабинет

22 қараша 2018 жыл

облыстық онлайн сабақ; тәжірибе алмасты

12


«Үшбұрыш. Тең бүйірлі үшбұрыш»

Абразақова Гүлжанат

№15 мектеп-гимназия

14.12.2018жыл

қалалық семинар,  тәжірибе алмасты

13


«Білім сапасын көтерудегі «LESSON SYADY» зерттеу әдісінің тиімділігі

Құрбанова Рабиға

КТЛ ұлдар 

15 мамыр 2019 жыл

облыстық конференция, тәжірибе алмасты

14


«Математика пәні бойынша
  білім сапасын
  арттырудың тиімді жолдары»

Мубаракова Салтанат

№38 мектеп

ақпан 2019 жыл

қалалық семинар,  тәжірибе алмасты

15


«Қолдауды қажет ететін оқушылармен жұмыс»

Құрбанова Рабиға

№26 мектеп

12 сәуір 2019 жыл

қалалық семинар,  тәжірибе алмасты

16


«Таразым –тарихи мекенім»

Абзелова Гүлмира

облыстық әдестемелік кабинет

23 сәуір 2019 жыл

облыстық онлайн сабақ; тәжірибе алмасты

17


«Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттырудың тиімді жолдары»

Елшібекова Гүлнар

№30 мектеп-гимназия 

ақпан  2019 жыл

қалалық семинар,  тәжірибе алмасты

18


«Оқушылардың төрт құзыреттілігін дамыту тапсырмалары»

Қонысбек Жансая

облыстық әдестемелік кабинет

 қаңтар 2019 жыл

облыстық онлайн сабақ; тәжірибе алмасты





  1. Материалдық-техникалық базаны жақсарту


Мектеп-гимназияда 39 оқу кабинеті бар. Мультимедиалық  кабинет саны – 1  2 информатика кабинеттерінде 29 компьютермен жабдықталып, барлығы Интернет желісіне қосылған.  Жалпы мектептегі  компьютерлер саны - 103 дана. Мектептегі бүкіл компьютерлер интернет желісіне қосылған. Мәжіліс залы 123 орынға шақталып, онда музыкалық аппараттармен   жабдықталған. Асханада  бір мезгілде 100 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Дене шынықтыру сабақтарына қолайлы жағдайлар жасалған. Медициналық кабинет 2 бөлмеден тұрады, онда медициналық құралдар мен құрылғылар жеткілікті.  

Физика, химия, биология  кабинеттері лабораториялық  жабдықтармен қамтамасыз етілмеген.


Жаңа 2019-2020  оқу жылына қойылған міндеттер:


1.  Материалдық-техникалық базаны нығайту, химия, физика, биология пән кабинеттерін лабораториялық жабдықтармен жабдықтау; 
 2.   Авторлық бағдарламаларды дайындау мен 
әдістемелік және дидактикалық оқу құралдарын жасау жұмыстарын жүйелі жолға қою;
 3.   Алғашқы әскери дайындық кабинетінің қоймасын арнайы жабдықтармен қамтамасыз ету;  

4. Назарбаев зияткерлік мектептерінің  іс-тәжірибесін, жобасын  енгізу жұмыстарын жетілдіру 

5.  Білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды күшейту.

6.  Техникалық шығармашылық орталықтармен жұмысты жандандыру арқылы оқушылардың түрлі спорттық іс-шараларға, байқауларға қатысуын күшейту.






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив