Қамқоршылық кеңес отырысының баяндамасы 19.05.2020 » СШ №12
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№12 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңес отырысының баяндамасы 19.05.2020
12
август
2020

Қамқоршылық кеңес отырысының баяндамасы 19.05.2020

Құрметті қонақтар, қадірменді ата-аналар!

        Заман талабына сай білім мазмұнын  жаңартып   отыру - бүгінгі  күннің басты талабы. Осы мақсатты көздеген Керімбай атындағы №12  мектеп-гимназия ұжымы оқу жылын табысты аяқтауда.

Мектеп-гимназия 2019-2020 оқу жылын 1852 оқушымен   бастап, 1949 оқушымен аяқтауда. 1-4 сыныпта - 31 сынып- 5-9 сыныпта -35 сынып, 10-11 сыныпта - 7 сынып білім алды. 

Мектеп-гимназиядағы педагогикалық қызметтің білім берудің мемлекекттік стандарт талаптарына сайкестігін, мектептің одан әрі дамуын қалыптастыру мақсатында – 2018-2021 оқу жылдарға арналған «ТАБЫСҚА ҮШ ҚАДАМ»   кешенді даму бағдарламасы жасалынды. 

Мектеп-гимназия ұстанымы:

ХХІ ғасырдың өзіндік моделін қалыптастыратын, елінің болашағына сеніммен қарайтын, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін, үш тұғырлы тіл саясатын ұстанған білім алушылар - Мәңгілік ел тірегі.

Миссия:

Білім алушының бойында заманауи әлемде табысты болуды қамтамасыз ететін, өмірдің түрлі жағдаяттарында шешім таба білетін дағдыларды қалыптастыру.

Мақсаты  – ұлттық және адамға тән жалпы құндылықтар, ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дарындылығын дамытуға және табысқа жетуге бағытталған  сапалы білімді  алу үшін қажетті жағдайлар жасау, сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Міндеттері:

  • Жаңартылған білім мазмұны аясында білім алушылардың білім сапасын арттыру;
  • Шәкірттердің табысқа жетудегі шығармашылық  жеке дарындылығын дамыту;
  • Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру;
  • Тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру;
  • Еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту;
  • Табысқа жетуге бағытталған жобаларды жүзеге асыру.


        «Табысқа үш қадам» кешенді даму бағдарламасын төмендегідей қадамдармен іске асырылады.

2018-2019 ж.ж – І енгізу кезеңі                       І қадам;

2019-2020 ж.ж – ІІ қалыптастыру кезеңі                      ІІ қадам;

2020-2021 ж.ж – ІІІ қорытынды кезеңі                    ІІІ қадам;

       Бағдарламада 3 жылда қол жеткізетін индикаторлар: білім сапасы, педагог кадрлардың құрамын жақсарту, жас мамандарды тәрбиелеу, мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жоспарланып, нақтыланды. Жылдық жоспарда   бір жыл ішінде алдымызға қойған нақты мақсаттарды белгілеп, жұмыс жүргізілді.  Онда - жалпыға бірдей міндетті білім берудің орындалуы, педагог кадрлармен жұмыс, мектеп құжаттарын жүргізуді бақылау, оқушылардың білім-білік дағдылары, оқу-материалдық база, пәндердің  оқыту сапасын бақылау, құқық бұзушылықтың алдын-алу, жетім, қамқорлықтағы, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасы  балаларының әл-ауқатын арттыру, психологиялық көмек, оқушылардың тәрбиелік деңгейін  жақсарту, бос уақытын ұйымдастыру, үйірме мен секциялардың, сыныптан тыс іс-шаралардың мазмұнын  жақсарту қарастырылды. Жоспарланған  іс-шаралар дер кезінде орындалып, директор жанындағы кеңес, әкімшілік кеңес, әдістемелік кеңес, педагогикалық  кеңесте қаралып отырды.

«Табысқа үш қадам» кешенді даму бағдарламасы аясында 13 жоба жүзеге асырылуда.

«ZERDE»-білім сапасын арттыру жобасы;

«BILIM»-білім сапасын арттыру жобасы;

«Полиглот»-үштілділікке бағытталған жоба;

«LS»-сабақты зерттеу, мектептегі іс-әрекетті зерттеу жобасы;

«Цифрлы мектеп-гимназы» -цифрлы жүйеге көшу жобасы;

«Керімбай ұландары»-құқық бұзушылықтың алдын алу жобасы;

«Шағала»-балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жобасы;

«Табысты үштік»-ата-аналармен байланыс жобасы;

«Қоғамға қызмет ету»- білім алушыларды қоғамдық іс-шараларға араластыру;

«Саналы азамат»-білім алушыларға патриоттық тәрбие беру жобасы;

«Адал тұлға»- балаларды адалдыққа тәрбиелеу мақсатындағы жоба;

«Үлкен үзіліс» - флешмоб жобасы

«Таразыма мың тағзым»-білім алушылардың туған жеріне деген құрметін арттыру мақсатындағы жоба;

Мектеп-гимназияда бастауыш сыныптар бойынша «BILIM», 5-11 сыныптар да «ZERDE» -білім сапасын арттыру жобалары қолға алынып, жұмыстар жүргізілді және жұмысын жалғастырмақ.  


I. Білім сапасы.  


Мектеп-гимназияның  жалпы жыл бойынша білім сапасына келсек, тоқсан сайын зерделеніп, өсу мен кему динамикасы  салыстырылып отырды. 


Білім сапасынын мониторингі

I     тоқсан           56,2 %

II   тоқсан                                        63,3 %

III  тоқсан                                         67,2%

ІҮ тоқсан                                                     72 %

Жылдық                                                       72     %


       2019-2020 оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұнымен 1-10 сыныптар оқыды. Оқулықпен оқушылар 100% қамтылды. 


2. Гимназия сыныптары:


           2019-2020 оқу жылында барлығы  36 гимназия сыныбы болып, 1-11 сынып аралығын қамтыды. Гимназия сыныбының ерекшелігі бастауыш сыныптарда  пәндерді кеңейтіп, жоғары  сыныптарда пәндерді тереңдетіп оқытатындығында, (қазақ,ағылшын,математика).  

Мектеп–гимназияның 3 жылдық білім сапасының  салыстырмалы көрсеткіші;





                                                                                                                            

     2017-2018жж-67,1%          2018-2019жж-70%                   2019-2020 ж.ж-71 %                   

      Бүгінгі күні оқушының білім сапасын анықтауды критериалды бағалау жүйесін қолданатындығын барлықтарыңыз білесіздер. Бұл балаларды бір–бірімен емес, тапсырмаға қойылған критерийлер бойынша, оқушының  сол критерийлерді  қаншалықты меңгергенін анықтау нәтижесінде бағаланады. Бұл оқушының өзінің деңгейін күнде біліп отыруына, жіберген қателерін дер кезінде түзетуге мүмкіндік бередіБұл бағытта бірнеше рет ата-аналар мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

3.Қорытынды аттестаттау  және ОЖСБ-ға дайындық


9-сыныпта - 152 оқушы, 11-сыныпта -65  оқушымен ОЖСБ және ҰБТ–ға дайындық жұмыстары жүргізілді. Жыл бойынан қорытынды аттестаттауға дайындықтың қадамдық іс-қимыл жоспары жасалды. Бірнеше рет сынақ тестер, психологиялық көмек,  мамандық таңдауға көмек, ата-аналармен бірлескен жұмыс ұйымдастырылды. 

Қорытынды аттесттаттау бойынша мектеп-гимназия нәтижесі  қала бойынша алдыңғы қатардан көрініп келеді.

4. Ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жұмыс.

Өткен оқу жылында 7 оқушы үйден оқытылса, 3 оқушы инклюзивті білім берумен қамтылды. Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт мектепке келе алмайтын балалар үшін ҚР  «Білім туралы заңының» 8 бап, 5 тармағына, ҚР «Білім және Ғылым министрінің №61 (2014 ж 25 ақпан) бұйрығына, Тараз қалалық ведомствоаралық психологиялық – медициналық-педагогикалық консультациясы мемлекеттік мекемесінің үй жағдайында оқытылатын оқушыларға берген қорытындысын негізге ала отырып оқу – тәрбие жұмысы ұйымдастырылды. 

Мұнда ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі №174 бұйрығының 4-қосымшасы басшылыққа алынып, мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес ұйымдастырылды. 

Үйден оқыту барысы үнемі зерделеніп отырды. Үйден оқитын балаларға психологиялық көмек көрсетіліп, түзету жұмыстары жүргізілді. 


5. Оқу процесін цифрландыру

“Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа     индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты”. Цифрландыру дегеніміз Қазақстанның озық ел атану жолындағы мақсат емес, құрал. Бәсекеге қабілетті болу, өсімді, өнім өндіруді арттыру, міне, осы – мақсат.- деді Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауында. Заман талабына сай мектеп-гимназиямыз «ЦИФРЛЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ» жобасын жүзеге   асырып отыр.

  1. Өздерініз байқағандай биылғы оқу жылында оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 8 сәуір №179 бұйрығының 1-қосымшасын «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін бағдаарламалары бойынша оқыту үшін ведомостволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын басшылыққа ала отырып және eduschool.kz сайты арқылы қабылданды. 
  2. Былтырғы оқу жылынан бері «Күнделік.кз» жүйесі енгізіліп, жауапты мамандар белгіленген. 1852 оқушы туралы мәліметтер енгізіліп, ата-ана бұл жүйе арқылы оқушының білімін бақылап, үй тапсырмасын көріп, үнемі байланысты бола алады.
  3. Ұстаздар мен оқушыларға «Bilimland» жүйесі  де  қолжетімді. Оның білім сапасын жетілдіруде маңызы зор. Бүгінгі күні барлық мұғалім  аталған жүйеге тіркеліп , өз сабақтарында керекті ресурстарды пайдалануда.  
  4. Мектеп-гимназияда өтіп жатқан оқу-тәрбие үдерісіндегі басты жаңалықтар мен жетістіктер Фейсбук, Инстаграмм әлеуметтік желілері  және  №12 Тараз мектебі сайты арқылы жариялануда.
  5. Мектеп-гимназияға бөлінген қаражат туралы ақпарат тоқсанына бір рет №12 Тараз мектебі сайтының ашық бюджет блогында жарияланып келеді.
  6. Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау жүйесі «Enbek.kz», «Jumis.sitsen» сайттары арқылы жүргізілуде. 
  7. Мектеп-гимназияда «Робототехника негіздері» үйірмесі жұмыс жасады, кабинеті іске қосылды.
  8. Мұғалімдеріміз өз сабақтарында «QR code» әдісін пайдалануда және мектеп-гимназия стендтерінде де QR code орналастырылған.


6. Әлеуметтік жұмыстар


Көп балалы отбасынан шыққан оқушылар саны – 470. Толық емес отбасынан шыққан оқушылар саны – 225. Тек анасымен тұратын оқушылар саны – 220. Тек әкесімен тұратын оқушылар саны – 5. Тума-туыстарымен тұратын оқушылар саны – 9. Өгей әкемен тұратын оқушылар саны – 12. Өгей шешемен тұратын оқушылар саны – 3. Қамқоршысымен (опекун) тұратын оқушылар саны – 3. Патронаттық тәрбиедегі оқушылар саны – 2. Мектепішілік есепте тұрған оқушы жоқ.

Оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басына дайындық уақыты кезінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке балалардың келмеуінің алдын алу мақсатында   2019 жылдың 1 – тамызы мен 30 – қыркүйегі аралығында Республикалық «Мектепке  жол» атты акциясы жүргізілді. 

          Осы «Мектепке жол» атты акция аясында  түрлі мекемелердің демеушілік жасауымен 14  білім алушыларға  216000 теңге көлеміндегі ақшаға мектеп формасын, мектепке қажетті құрал-жабдықтармен, спорттық киімдермен, мектеп-гимназияның жеке кәсіпкер ата-анасы мүмкіндігі шектеулі 9 «Б» сынып білім алушысы Байдос Балымға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған патронаттық тәрбиедегі  2 «А» сынып білім алушысы Погорелов Артемға мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. 

       Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 13.04.2015 жылғы №198 бұйрығының 6-қосымшасымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» туралы мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.01.2008 жылғы №64 қаулысын негізге ала отырып 5 санат бойынша 178 баланың құжаты жинақталды.

         2019-2020 оқу жылында 178 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды.  Бір реттік тегін ыстық тамақ құны 450 тг болып, ас мәзіріне жеміс-жидектер, йогурт, ірімшік, айран қосылды. Тамақ сапасы бойынша бракераж комиссия мүшелері беріліп жатқан тамақты тексеріп отырды. Сыныптың ата-аналар комитет мүшелері де тамақ сапасын көріп, көңілдерінен шығатындығы туралы ұсыныстар қалдырып отырды.

1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасыларынан шыққан білім алушылар – 118;

2. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан білім алушылар саны -54.

3.  Жетім балалар немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны – 4

4. Төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар - 0

5. Білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілер –2 .     

     Қорғаншылықтағы 4 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Тұрғын үй кезегіне қойылды. Тұрмыс-жағдайы тексерілді. Қорғаншымен үнемі әңгімелесу, сұхбаттасу жұмыстары жүргізіліп отырады. 

         Жалпы оқыту қорынан мектеп формасы, ақ жейде, мектеп сөмкесі қыстық аяқ киім, сырт киім, қыстық бас киім 77 білім алушыға  таратылды.

       Тараз қаласы әкімінің шыршасына көп балалы отбасынан шыққан  4«Г» сынып білім алушысы Ерболат Мадина , Президенттік шыршаға  үйде оқытылатын 5 «В» сынып білім алушысы Бейсенбек Данагүл қатысып жаңа жылдық сыйлықтарын иемденді. 

     Биылғы оқу жылын бойынша  қала сыртындағы  жазғы сауықтыру лагерлеріне 35 білім алушы демалады деп жоспарлануда.  

  1. Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар


Құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты жасалған жұмыстар туралы 2019-2020 оқу жылының жоспарында көрсетілгендей, әр айдың 2 аптасында 1-11 сыныптарда «Құқықтық білім беру» апталығы жүргізіліп, құқықтық тәрбие шаралары жасалынды. Құқықтық тәрбие саласы бойынша қыркүйек айынан бастап шағын ауданында орналасқан компьютер клубтарына, сауда орындарына, саяжайларға, көңіл көтеру орындарында рейд жүргізу айлықтары кезінде, мейрам күндері күшейтілді. Бекітілген кесте бойынша шағын ауданындағы Д.Қонаев, Жамбыл даңғылы,Қазыбек би, Әйтеке би , Желтоқсан көшелерінде орналасқан ойын-сауық орындарға «Моза», «Барбарис», «Доктор Ватсон», «Салем» , «Есперанза» кафелері, «Тараз ХОЛЛ», «Алтын шатыр» мейрамханалары мен Қ.Рысқұлбеков саябағына рейдтер жасалынып тұрады. Жалпы қалалық есепке алынған, мектепішілік есепте тұрған оқушы жоқ.

Мектеп-гимназияда жайсыз отбасынан шыққан және наркодиспансер есебінде тіркелген  оқушылар жоқ. 

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, бопсалау мен әр түрлі мәселелердің алдын алуға байланысты мектеп-гимназия ішінде  «Сенім жәшігі» қойылды. Жәшік мектепте айына 1 рет ашылып, түскен хаттар директор жанындағы, әкімшілік отырысында талқыланып отырды. Мектеп-гимназияда хиджап, паранжа,  орамал тағатын оқушылар жоқ, барлығы мектеп-гимназия киім үлгісін сақтайды.

Мектеп-гимназияда «Адал ұрпақ» клубы жұмыс жасайды. Оның 100 мүшесі бар. Жоспары жасалынып, бірнеше рет семинарлар, тренинг, кездесулер өткізілді. Мектеп-гимназия фойесінде жұма сайын «Адалдық дүкені» ұйымдастырылды. 

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 7-10 сынып оқушылары арасында «КЕРІМБАЙ ҰЛАНДАРЫ» жобасы жүзеге асырылуда.  Жобаның мақсаты: құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысты болдырмау. Осы  жылы жоба жұмыстары жалғасын таппақ.


8. Білім саласындағы жетістіктер

         Жалпы мектеп-гимназия бойынша 2019-2020 оқу жылындағы білім алушыларымыздың жетістіктері төмендегідей:











Олимпиада


         Мектеп-гимназияда 28.10.2019 жылғы №263 бұйрыққа сай мектепішілік пән олимпиадасы ұйымдастырылып, екі кезеңде өткізілді.

          Мектепішілік пән олимпиадасына жалпы 5-11 сыныптан 671 оқушы қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша, І орын алған оқушылар қалалық пән олимпиадасын жіберілді. Нәтижесінде: 

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Пәні

Жетекші

1

Қалпышева Гүлшат

11

математика

 ІІІ орын

Тулеева Б

2

Атыханов Хансұлтан

11

орыс тілі

ІІІ орын

Акылбаева Б

3

Алтай Әсем

10

математика

ІІ орын

Құрбанова Р

4

Күмісбеков Нұрдәулет

9

биология

ІІ орын

Оспанова Р

5

Дүйсенова Ақерке 

11

тарих 

ІІІ орын

Манасова К

6

Абдиеева Ботагөз

9

қазақ тілі

 ІІ орын

Қуатова Ұ

7

Исламова Бақыт

9

ағылшын тілі 

ІІ орын

Елшібекова Г

8

Тоқтанбек Бекнұр

9

информатика

Алғыс хат

Оразова Қ


Сонымен қатар, мектеп-гимназияның жұмыс жоспарына сәйкес, мектепішілік «Ғылыми жоба-2020» байқауы бойынша   25жұмыс қалаға ұсынылып, 11 жұмыс өтті. Нәтижесінде: 

Ғылыми жоба

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Пәні

Жетекші

1

Абиірбек Асемай

9

физика  

ІІІ орын

Әбдіқадір А

2

Бейсембеков Батырхан

10

Жер және космос

 ІІ орын

Қабылова Н

3

Дүйсенова Ақерке

11

тарих 

ІІ орын

 Шартықбаева     Г

4

Нұрхан Толғанай

11

өлкетану 

ІІІ орын

Абзелова Г

5

Елтай Ақтөре

9

этномәдениеттану 

ІІ орын

Кульбаева Л

6

Бегалиева Мерей

9

химия

ІІ орын

Дүйсебаева А

«Ақбота» интеллектуалды байқауынан-49 орын, «British Bulldog»-тан 98 орын, «Кенгуру-лингвист»   олимпиадасынан – 125 орын, «Кенгуру-математика»   олимпиадасынан –218 орын, «Золотое руно» байқауынан -23 орын, «ПОНИ» байқауынан- 4 орын,  КИО «Дарын» орталығының оқушылар арасындағы қашықтық олимпиадасынан - 214 орын, «Tio.kz»,«Nio.kz» қашықтық олимпиадалары-118 орын,   мұғалімдер қатысқан байқаулардан – 264 орынды алды.

Мектеп-гимназиябілім алушылары бұл байқаулардан да басқа байқауларға қатысып жүлделермен оралып жүр.


8.     Тәрбие саласындағы жетістіктер

 «Табысқа үш қадам» кешенді даму бағдарламасының «ТАБЫСТЫ ҮШТІК» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты, міндеті айқын.  Жобаның негізгі жұмыс жүйесінде ата-аналардың сынып сағатын өтуі, жаңа форматтағы ата-аналар жиналысының өтілуі, ата-аналармен түрлі іс-шаралар ұйымдастыру   қарасытырылған.  

Сонымен қатар «ҮЛКЕН ҮЗІЛІС» флешмоб жобасы, аптаның әр сәрсенбі күні өткізіліп отырады. Аталған жоба мереке күндеріне сәйкестендіріледі. 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуатова Ұлжанның жетекшілігімен  мектеп-гимназия мақтаныштары   9,10 сынып оқушылары «Жамбыл» телеарнасының балаларға арналған хабарының ай сайынғы түсірілуіне қатысуда.


Оқушылардың тәрбие бойынша байқауларда 

иеленген жүлделі орындары


Оқу жылы

Халықаралық

Республикалық

Облыстық

Қалалық

Бар

лығы

Бж

І

ІІ

ІІІ

Бж

І

ІІ

ІІІ

Бж

І

ІІ

ІІІ

Бж

І

ІІ

ІІІ

2019-2020


3

10

3

5

2

32

12

12


2

10

8


1

5

15

120


10.Үйірме жұмысы


Биылғы оқу жылында мектеп-гимназиямызда 41 үйірме жұмыс жасайды. Үйірме жұмысы «Шағала» жобасы арқылы жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта өз жұмысын жалғастырмақ. Осы үйірме қатысушылары Халықаралық, Республикалық,облыстық,қалалық байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. 

Мектеп-гимназиямыздың хореография  үйірмесіндегі «Балауса» би тобының жетістіктері төмендегідей:

  • Ташкент қаласында өткен Халықаралық жасөспірімдер мен балалар фестивалінде
  •  «Жас дарын» атты ІҮ республикалық балалар мен ұстаздар арасындағы ән би байқауында
  •  «Ғұмырдария» атты жасөспірімдер мен балалар би байқауында -«Бас жүлдені»  иеленді.

     «Домбыра-дастан» үйірмесінің «Наркескен» домбыра ансамбілі Астана қаласында өткен Республикалық байқаудан «Бас жүлдемен» марапатталды.

«Шебер қолдар» үйірмесінің жетістіктері де айтарлықтай көп. Республикалық «Пчелка», «Менің өнерім», «Құс жолы» атты байқаулардан жүлделі орындарды иеленіп жүрді.

  1. Мектеп ұстаздарының жетістіктері

2019-2020 оқу жылы бойынша мектеп-гимназияда 140 мұғалім жұмыс жасауда. 


Мектеп

Жалпы педагог саны

Жоғары санатты

Бірінші санатты

Екінші санатты

Санаты жоқ

Мастер педагог

Зерттеуші педагог

Сарапшы педагог

Педагог Модератор

1

№12 МГ

140

20

19

7

12

-

43

25

14



     Жалпы мектеп-гимназия мұғалімдері жыл бойы біліктілік арттыру курстарынан пәндері бойынша, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша өтіп келеді. 2019-2020 оқу жылында сабақты зерттеу, іс-әрекетті зерттеу бойынша екі ұстазымыз тренерлік курстан өтіп, мектепішілік курстар ұйымдастырды. Оған барлығы 30 мұғалім қатысты. Нәтижесінде, бірлестік арасында 11 фокус-топтары құрылып, жұмыстар жүргізілді.

           Мектептің жұмысы мен оқушының жетістіктерін өрістетуші негізгі тұлға – мұғалім болғандықтан,  биылғы оқу жылында  мектеп-гимназия мұғалімдерінің жетістіктері де айтарлықтай өсті.

 Республикалық, облыстық, аудандық /қалалық/ деңгейдегі басылымдарда іс-тәжірибесін  58 педагог жариялады. Жалпы мектеп-гимназия бойынша ұстаздарымыздың жетістіктері төмендегідей: 


         
 

Жалпы мектеп-гимназиясы бойынша 2019-2020 оқу жылының наурыз айына дейінгі  мұғалімдердің жетістіктері:

  1. Республикалық «Білім Өркениет» инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған байқауда Қарабаева Гүлмира І дәрежелі дипломмен және  «Білім беру саласының көшбасшысы» төсбелгісімен марапатталды.
  2. Төлегенов Әуез  Жамбыл облысы бойынша, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін белгісімен марапатталды».
  3. Қалалық «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті» мұғалімі байқауында Шалдыбаева Гүлзейнеп І орынды иеленді.
  4. Қалалық химия пәні мұғалімдерінің олимпиадасына қатысып Сейтқұлова Сандуғаш ІІІ орынды иеленді.
  5. Қалалық тарих пәні мұғалімдерінің «Үздік сабақ» байқауында Сенкібаева Әсел ІІІ орынды иеленді.
  6. Олимпиада жеңімпаздарының жетекшілері: 

Тулеева Б, Акылбаева Б, Құрбанова Р, Оспанова Р, Манасова К, 

Қуатова Ұ, Елшібекова Г;

  1.  Ғылыми жоба жеңімпаздарының жетекшілер:

Әбдіқадір А. Қабылова Н, Шартықбаева  Г, Абзелова Г,

                Кульбаева Л, Дүйсебаева А;

         Республикалық ғылыми жобаға физика пәні бойынша 9 сынып оқушысы Әбиірбек Әсемай жолдама алды. Жетекшісі: Әбдіқадыр Арайлым.

         Облыстық пән олимпиадасынан  9 сынып оқушысы Күмісбеков Нұрдәулет ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Оспанова Роза.


Іс-тәжірибелерін алмасу семинарлары: 

Жалпы: 16 іс-тәжірибе алмасу семинарлары

Семинар-практикум-4

Оқыту семинар-4

Онлайн семинар-         6       

                Жалпы білім сапасын арттыруда бірнеше жұмыстар жүргізіліп, оң нәтиже беріп келеді.  Ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыру, өзіндік ізденіс жұмыстары да өз үлесін қоспақ. Осыған орай «Парасат» әдістемелік орталығы «Өзгеріс енгізу» тобымен бірлесіп бірнеше оқыту семинарларын, коучингтер өткізді. Мысалы: 

«Ғылыми жұмыстарды жазуға қойылатын талаптар»,«Критериалды бағалау өткізудің тәртібі туралы нұсқаулық»  ,«Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бағалау түрлері мен әдістері, Жаңартылған бағдарлама-білім берудің жаңа мазмұны», «Күнделікті тәжірибеде Quizizz, Kahoot,   Quzle, Padlet, Plikers интерактивті білім беру қосымшаларын  пайдалану туралы», «Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың іскерлік қабілеттерін арттыру түрлері»,

«Бастауыш сыныптарда жаңаша оқыту жолдары» т.с.с

      Сонымен қатар,әдістемелік бірлестіктің декадалары мен онкүндіктерінде де бірнеше білім сапаны арттыруға бағытталған жұмыстары көрсетіліп, нәтиже шығарылды. 


11.Материалдық-техникалық базаны жақсарту

Мектеп-гимназияда 42 оқу кабинеті бар. Мультимедиалық  кабинет саны – 1  2 информатика кабинеттерінде 29 компьютермен жабдықталып, барлығы Интернет желісіне қосылған.  Жалпы мектептегі  компьютерлер саны - 103 дана. Мектептегі бүкіл компьютерлер интернет желісіне қосылған. Мәжіліс залы 123 орынға шақталып, онда музыкалық аппараттармен   жабдықталған. Асханада  бір мезгілде 100 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Дене шынықтыру сабақтарына қолайлы жағдайлар жасалған. Медициналық кабинет 2 бөлмеден тұрады, онда медициналық құралдар мен құрылғылар жеткілікті.  

Физика, химия, биология  кабинеттері лабораториялық  жабдықтармен қамтамасыз етілмеген.


Бүгінгі күні әлемде, елімізде болып жатқан жағдайға байланысты , сәуірдің алтысынан   мектептер төртінші тоқсанды қашықтықтан оқыту форматында бастады.

Қашықтықта оқытуға дайындық барысында   мектеп-гимназия әкімшілігі, әдістемелік бірлестік жетекшілері, ұстаздар өздері қашықтықтан оқытуға ауысу бағытында белсенді жұмыс атқаруда.. Жұмыс бірнеше бағыт бойынша жүргізілді:

Электрондық журналдарда және күнделіктерде күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды реттеу, веб-сайттарға, электрондық кітапханаларға және т. б. сілтемелерді қолдана отырып, оқу материалдарын жоспарлау мен құрылымдауды уақытында жүзеге асыру, жұмыстың оңтайлы және әртүрлі түрлерін (бейне сабақтар, өзіндік жұмыс, онлайн-курстар, чат-сабақтар, веб-сабақтар, телеконференциялар мен форумдар және т.б.), қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (скайп, телесабақ, электрондық пошта, WhatsApp және Telegram чат,Moodle және т. б.) қолдану,бекітілген оқу кестесіне сәйкес сабақ өткізу,білім алушының өзіндік жұмысына бақылау жасап, кері байланыс жүргізу, білім алушыларға, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға жеке кеңестер мектеп-гимназия әкімшілігі тарапынан өткізіліп  отырды. 

     Білім алушылар бейнесабақтарға қатысып, тапсырмалар алып, қажет болған жағдайда педагогтердің өз сыныбымен онлайн-талқылауы, кері байланысы бойынша бірнеше жүйелер іске қосылды. Сынып жетекшілер білім алушыларына арнайы чаттар ашып, ата-аналарымен тығыз байланыс орнатып, қашықтықтан оқытудың жүйесі мен бағыт бағдарын түсіндіріп, сабаққа түгел қатысуын қамтамасыз етті. Мектеп-гимназия психологтары да ата-аналарға, ұстаздарға, білім алушыларға қашықтықтан оқытудағы қызығы мен қиындығын жеңе білуге көптеген психологиялық кеңестер ұсынып отырды. Жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден бір шарты мұғалімнің ізденімпаз болуы. Себебі, еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді.  Білім беру үдерісінің мазмұнды да тиімді болуы үшін ұстаздарымыз  оңтайлық платформалар мен бағдарламаларды қолдануды көздеп отыр. Bilimland.kz, Kundelik.kz, I-test, I-mektep, classroom, daryn.online ресурстары жаңартылған білім беру аясында табысты, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға керемет көмекші құралы болып отыр, сондай-ақ бұл платформалардағы әзірленген сабақ үлгілерін әріптестеріміз тиісті жағдайда пайдалануда. Сонымен қатар, Педогогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалының , «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының тренерлерінің,    «Талап» , НЗМ-нің тәжірибесі , «BilimLand»   педогогикалық ұжымға өткізетін вебинарлары жаңашылдық және ақпаратты қолдану дағдыларының тиімді жетілдіру жолдары: онлайн-сервисте жаттығулар, тапсырмалар, қосымшалар құруға оларда әр түрлі форматтарда сақтауға, пайдаланушылар арасында еркін ақпарат алмасуға және де көптеген жұмыстарды атқаруда бөліскен тәжірибелері мектеп-гимназия педагогтарын   жұмыстың түрлерін әртүрлі   ұйымдастыруға болатын мүмкіндіктерге үйрететінін ескеріп үнемі қатысып отырды. Сондай-ақ, мектеп-гимназия әкімшілігі, бірлестік жетекшілері тарапынан қашықтықтан оқытуға дайындық кезеңінен түрлі әдістемелік көмектер, семинар-тренинг пен коучингтер  ZOOM платформасы арқылы өтіліп,   қолдаулар  көрсетіліп келеді.  «Табысқа үш қадам» кешенді даму бағдарламасының «Табысты үштік» жобасы аясында  ұстаз, ата-ана, білім алушы бірлесе жұмыс жасап балаларға елеулі қолдау көрсетуде. Мектеп-гимназияның жұмыс жоспарына сәйкес педагогикалық кеңес, директор жанындағы кеңес, әкімшілік кеңес ZOOM платформасы арқылы өтілуде. 

       Әріптестеріміз бен білім алушыларымыз осындай жағдайда да мектеп-гимназия қоржынын түрлі қашықтық байқауларына қатысып, жүлдегер атануымен толықтыруда. Сәуір-мамыр айларында төмендегідей жетістікке жетіп отырмыз:

Ұстаздарымыз-148 орын;

Білім алушыларымыз-445 орынды иеленді. 

Жаңа 2020-2021  оқу жылына қойылған міндеттер:

1.  Материалдық-техникалық базаны нығайту, химия, физика, биология пән кабинеттерін лабораториялық жабдықтармен жабдықтау; 
 2.   Авторлық бағдарламаларды дайындау мен 
әдістемелік және дидактикалық оқу құралдарын жасау жұмыстарын жүйелі жолға қою;
 3.   Алғашқы әскери дайындық кабинетінің қоймасын арнайы жабдықтармен қамтамасыз ету;  

4. Назарбаев зияткерлік мектептерінің  іс-тәжірибесін, жобасын  енгізу жұмыстарын жетілдіру; 

5.  Білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды күшейту;

6.  Техникалық шығармашылық орталықтармен жұмысты жандандыру арқылы оқушылардың түрлі спорттық іс-шараларға, байқауларға қатысуын күшейту.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив