11
май
2020
Қашықтықтан кезектен тыс педагогикалық кеңес
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында 2019-2020 оқу жылын ұйымдастырылған түрде аяқтауға байланысты ZOOM платформасы арқылы кезектен тыс педагогикалық кеңес болып өтті.
Қаралған мәселе:
1.Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында 2019-2020 оқу жылын ұйымдастырылған түрде аяқтау;
2.Құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында атқарылатын жұмыстар;
3.Мектеп-гимназияда педагогтарға, сынып жетекшілерге сыйлық жасауға және оқушылар мен олардың ата-аналарынан заңсыз қаражат жинамау туралы;
Бірінші мәселе бойынша мектеп-гимназия директоры Мұрат Жарылқапұлы сөз алды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 129 бұйрығына орындау мақсатында 2019-2020 оқу жылын аяқтау және білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы бұйрығы негізінде :
-Мектеп-гимназияда оқу жылы 2020 жылғы 25 мамырда аяқталатын болады; Елімізде жүріп жатқан пандемия індетіне байланысты 25 мамыр күні «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны өткізілмейді. Осы күні оқушылардың топтасып экскурсия немесе басқа да іс-шаралар өткізуіне тыйым салынады. Сондықтан бүгінгі күннен бастап сынып жетекшілерге ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қатаң тапсырды.
-Қорытынды аттестаттау;
1. 9 (10) және 11 (12) - сыныптардың білім алушылары тапсырмайды, аттестат ағымдағы оқу жылының жылдық бағалары негізінде беріледі;
2. Экстернат нысанында оқитындар қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, тоқсан бойынша жиынтық бағалау нысанында тапсырылады;
3. Мектеп-гимназия 2019-2020 оқу жылын осы бұйрықтың талаптарына, «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191болып тіркелген) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидалары сәйкес аяқтауды қамтамасыз ететіні жайында айтты.
Екінші мәселе бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында атқарылатын жұмыстарға тоқталып, пандемия талаптарын оқушылар тарапынан бұзуына жол бермей, балалардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігі айтылды. Оларға бақылау жасау бойынша жауапты педагогтардың қатысуымен мектепте кезекшілік жұмыстарын ұйымдастыру директордың құқықтық ісі жөніндегі орынбасары Д. Сейдуалиевке жүктелді.Сондай-ақ, жалпы білім беретін мектептерде орта білім туралы аттестаттарды тапсыру жоспарланып отырған күні жоғарыда аталған құқық бұзушылық, қауіпсіздік жұмыстарын ұйымдастырып, сақтық шараларын қамтамасыз етуді тапсырды.
Үшінші мәселе бойынша Мұрат Жарылқапұлы мектеп-гимназияда мектеп бітіру кештеріне, ҰБТ, жөндеу жұмыстарына ,«Алтын белгі», «Үздік аттестат» беру үшін сыйлық алуға, түрлі іс-шараларға заңсыз қаражат жинауға қатаң түрде тыйым салынғаны айтылып, бұйрықпен таныстырды.