02
сентябрь
2025
1 қыркүйек – Білім күні!
Бүгін мектебімізде жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылып, «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты іс-шара өтті. 

Шараға арнайы қонақ болып келген Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысының орынбасары Мынасов Нұрбек Сейдуалыұлы жүрекжарды тілегін айтып, оқушыларға сәттілік тіледі.
Бұл күн – оқушылар үшін жаңа бастау, ұстаздар үшін мәртебелі міндет, ата-аналар үшін үлкен үміт пен сенім күні.
Жаңа оқу жылында баршаңызға биік белестер мен зор жетістіктер тілейміз! 

