01
сентябрь
2024
1 қыркүйек "Білім күні"
Білім күні — бұл алғашқы қонырау үні, мыңдаған гүлдер мен бантиктер шеруі, кішкентай бүлдіршіндердің алғаш рет мектеп табалдырығын аттауы. Бұл күн олар үшін мәңгі есте қалатын кез. Ең алғашқы мектеп, сынып және алғашқы ұстазымен танысу.
1 қыркүйек күні Керімбай атындағы 12 мектеп-гимназиясы білім нәрімен сусындайтын шәкірттеріне өз есігін айқара ашты. Оқу жылының басталуы қуанышты, сонымен қатар, жауапты оқиға. Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш рет аттап, жаңа өмірге қадам басқалы тұрған 1 — сынып оқушылары үшін қуанышты күн.
Бүгінде Мемлекет басшысы мектеп пен білім мәселесіне айрықша көңіл бөлуде. Дәстүрлі алғашқы қоңырау салтанаты мектеп-гимназияда кеңінен аталып өтті. «Мектеп-кеме, білім-теңіз» десек, сол білім теңізінде шұғылалы сәуле шашып, нұр құятын орын — мектеп. Ел тірегі, көркі — білімді әрі саналы ұрпақ. «Әрбір елдің келешегі — мектебіне байланысты» деп ұлыларымыз айтқандай, әр баланың егеменді елдің ертеңі болуына, туған жердің қасиетін дарытып, ана тілінің жанашырына айналуына айрықша үлес қосуы оқыған ортасына және білім алған мектебіне байланысты екендігі анық.
Мектеп-гимназияда "Мектебім — мейірім мекені" атты салтанатты жиын ұйымдастырылды. Жиынды мектеп-гимназия директоры Мұрат Жарылқапұлы ашып, 2023-2024 оқу жылындағы мектептің жеткен жетістіктерін атап өтті, сондай-ақ, мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге жылы лебізін білдірді.
Келесі сөз кезегі құрметті қонағымыз "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы "Акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты филиалы. "Педагогика және пәндік әдістер" кафедрасының аға оқытушысы Смаилова Зере Осербаевнаға берілді. Ол мектеп-гимназия ұжымы мен оқушыларын алғашқы қоңырау мерекесімен құттықтады