Бос орын » СШ №12
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№12 мектеп-гимназия"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » Бос орын
16
октябрь
2025

Бос орын

"ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ КЕРІМБАЙ АТЫНДАҒЫ №12 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КММ

БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі

   Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «Enbek.kz» және мектеп-гимназияның ресми сайты мен әлеуметтік желі парақшаларына жарияланады.

   Конкурс төмендегідей негізгі бос орындарға жүргізіледі:

Мектеп-гимназия директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары -1 бірлік жүктеме.

Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясы» КММ.

 Мекеменің мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би улица №77 үй.

Анықтама, байланыс номері: 43-77-67.

Электрондық пошта: 12_shkola@mail.kz

  1. Мектеп-гимназия  директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (1 бірлік  жүктеме).


Лауазымдық міндеттері:


       тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

       тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;

       аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;

       тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді;

       тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;

       педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;


       тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;

       білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;

       психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесін үйлестіреді;

       мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

       білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады;

       тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;

       киберкультураны (компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланады) және кибергигиенаны дамытады (интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары мен білімі бар);

       білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді;

       кәсіптік бағыт беру жұмыстарын жүргізеді;

       есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;

       ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді;

       мектеп парламентінің, дебат қозғалысының, оқушылардың өзін-өзі басқаруының, "Жас қыран", "Жас ұлан" балалар ұйымдарының жұмыстарын ұйымдастырады;

       "Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет", "Анаға құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;

       адамгершілік-рухани білім беруді қамтамасыз етуде "өзін-өзі тану" пәнінің педагогымен өзара іс-қимыл жасайды;


       білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;

       педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды;

       білім беру ұйымы мұражайының жұмысын ұйымдастырады;

       туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады;

       білім алушылардың бойында патриоттық тәрбие, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

       білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

       Ескерту. 58-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.04.2023 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       59. Білуге тиіс:

       Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

       педагогика және психология негіздері;

       мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

       педагогикалық этиканың нормалары;

       экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;

       еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

       60. Біліктілікке қойылатын талаптар:

       тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;


       және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.

Еңбек ақы төлеу мөлшері, шарттары белгіленген бос немесе уақытша бос лауазым атауы:

    Мектеп-гимназия директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ( бос орын-1 бірлік жүктеме), еңбек ақысы-160000-170000тг аралығында.

 Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылдың  17 қазан  - 24 қазан аралығында. 

     Конкурс өткізу күні: 28 қазан 3-қараша аралығында  2025 жыл. 




Конкурстық құжаттар Тараз қаласы, Төле би улица №77 мекен-жайында орналасқан «Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының» қабылдау бөлімінде қабылданады.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив