04
сентябрь
2023
"Алғашқы қоңырау"



Осы орайда Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының табалдырығын 178 бүлдіршін аттады. Мектеп-гимназияда "Мектебім-мейірім мекені" тақырыбында салтанатты жиын өтті. Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Жүнісбай Ерлан Нұрманұлы қатысып білім алушыларға жылы лебізін білдіріп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
Бұл күні ерекше алғыс пен ризашылық сөздері балаларға барлық уақыттары мен күштерін, білімдерін, шын жүректен жылулықтарын беретін ұстаздарымызға айтқымыз келеді.
Жаңа оқу жылы барлығыңыз үшін сәтті және қуанышты болсын!
Жамбыл Облысы Мәдениет Басқармасы