Біз туралы » Страница 34 » СШ №12
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№12 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 34
" Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына" орай шахматтан турнир
28
декабрь
2021
" Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына" орай шахматтан турнир
Қала мектептері арасында 24.12.2021ж. шахматтан " Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына" орай мектеп оқушылары арасында турнир өткізілді.  Турнирде №12 мектеп- гимназия оқушылары Шабден Мирас, Құрманәлі Абылай, Балтабай Жансерік,Жаңабай Нұрай командалық жарыста  жүлделі ІІІ- орын иеленіп,  кіші кубок пен мақтау грамоталарымен марапатталды. Жетекшілері Имашев Талғат, Қорғанбаев Азамат.
Шеберлік сыныптарының шеруі
27
декабрь
2021
Шеберлік сыныптарының шеруі
Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 22 желтоқсан күні «Қысқы мектеп» жобасын жүзеге асыру аясында жаратылыстану- математикалық бағытындағы пән мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныптарының шеруі өтті. Шеберлік сыныпта мектеп-гимназиямыздың информатика пәні мұғалімі Байдаулетова Лазат пен математика пәні мұғалімі Курбанова Тойгул  өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Ғылым таппай мақтанба, адам болам десеңіз?
27
декабрь
2021
Ғылым таппай мақтанба, адам болам десеңіз?
М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ұйымдастыруымен өткен «Ғылым таппай мақтанба, адам болам десеңіз?» тақырыбында жас ғалымдар арасында ғылыми практикалық конференция болып өтті.     Конференцияға мектеп-гимназиямыздың білім алушылары қатысып,  жүлделі орынды иеленді:  Көмекбаева Балжан-ІІ орын,  жетекшісі Шартықбаева Гаухар;  Сейсенбай Мухаметали-ІІІ орын,  жетекшісі Жампозова Динара.  Білім алушыларымыздың білім қуған қанаттары талмасын, тек биікке самғасын!
Тәуелсіз елдің жалынды жастары
20
декабрь
2021
Тәуелсіз елдің жалынды жастары
Мектеп-гимназиямызда "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 іс-шара" жоспарына сәйкес, "Тәуелсіз елдің жалынды жастары" деген тақырыппен Жас мамандар арасында Дебат ойыны ұйымдастырылды. Резолюция: "Сапалы мамандарды дайындау жолдары" Бүгінгі қарастырған Резолюциямыз (тақырып) әрдайым өзекті мәселе болып табылады. Себебі, енді ғана 30 жыл толып отырған Тәуелсіз Қазақстан үшін сапалы мамандарды дайындаудың маңызы жоғары. Сапалы мамандар біздің болашағымыз, яғни әлеуметтік, экономикалық және саяси
Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық әлемі
20
декабрь
2021
Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық әлемі
Керімбай атындағы 12 мектеп-гимназиясының 11"ә" сынып білім алшушысы Саден Нұрсұлу Халықаралық Тараз инновациялық институтында ағартушы, ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай "Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық әлемі" атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына белсенді қатысып, жоғары дәрежеде баяндама жасағаны үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңістеріміз көбейе берсін!
Елін сүйген Елбасы
02
декабрь
2021
Елін сүйген Елбасы
30 қараша күні 4"Ә" сынып оқушыларымен Тұңғыш Президент күніне арналған "Елін сүйген Елбасы" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сабағымыздың мақсаты Елбасындай Отанын, халқын сүюге нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу. Елбасының ел үшін жасаған істерін үлгі- өнеге ету.  Оқушылар Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен жері, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы көптеген мағлұматтар алды.
Тәуелсіздік жүрегімнің төрінде
02
декабрь
2021
Тәуелсіздік жүрегімнің төрінде
26 Қараша күні 7 "Д" сыныбымен бірге Облыстық кино орталығында Қ.Р Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, 1 Желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай "Тәуелсіздік жүрегімнің төрінде" тақырыбында документальды фильмді тамашаладық. Бұл документальды фильм тәуелсіздікке жету жолындағы елдің ерлік күресі мен қазіргі Қазақстанның жетістіктеріне арналған. Мақсатым: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру, әлем таныған ел екенін дәлелдеу, білімдерін кеңейту.
Тұғыры биік-Тәуелсіздік 30 жылдығы
02
декабрь
2021
Тұғыры биік-Тәуелсіздік 30 жылдығы
Керімбай атындағы №12мектеп-гимназиясында"Тұғыры биік-Тәуелсіздік" атты тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 іс-шара жоспары аясында "Ақ ладья" атты үйірмесінің ұйымдастыруымен 6,7- сыныптар аралығында шахматтан жарыс өткізілді. Жарыс өз деңгейінде өтіп, Иманбек Темірлан, Шуленбаев Ахмет, Бейсенбек Абылай,Ратай Асқар, Абдуалиев Рамазан, Шәбден Мирас сынды білім алушылар жүлделі орындармен марапатталды.Мектеп-гимназиямыздың   туын желбірететін, үнемі  жеңістің тұғырынан көрінетін жас спортшылар
Елбасы-ел тірегі
30
ноябрь
2021
Елбасы-ел тірегі
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында 28.11.2021 ж тұңғыш Президент күніне орай "Елбасы-ел тірегі" тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты:жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екенін таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.Іс-шараға мектеп-гимназияның ардагер ұстаздары қатысты.Алғашқы сөз кезегін мектеп-гимназия директоры Мұрат Жарылқапұлы алып,қонақтарды, білім алушыларды,ұстаздарды мерекемен құттықтап, ардагер ұстаздарымызға
Елдіктің жеті тұғыры
30
ноябрь
2021
Елдіктің жеті тұғыры
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында 28.11.2021ж. күні Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың жас ұрпаққа жолдаған "Елдіктің жеті тұғыры " атты қағидаттар жиынтығы үндеуін насихаттау мақсатында  Адал Ұрпақ ерікті клуб мүшелерімен кездесу өткізілді.  Мақсаты:Елбасымыздың жас ұрпаққа жолдаған үндеуін насихаттау, "Елдіктің жеті тұғыры " қағидаттарын клуб мүшелерінің санасында қалыптастыру.Тәуелсіздігімізді баянды етіп,ел тұтастығын сақтап,отбасылық құндылықтарды жаңғыртып, ұлт мәдениетін дәріптеп,терең