14
май
2025
«Ұлы даланың - ұлы тұлғасы» дөңгелек үстел
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д.А. Қонаевтың өмірі мен қызметін дәріптеу, жас ұрпаққа үлгі ету, тұлғаның мұрасын жаңғырту мақсатында «Ұлы даланың - ұлы тұлғасы» дөңгелек үстел Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен болып өтті.Шараға Тараз қаласының зиялы өкілдері филология ғылымының докторы Сәмен Құлбарақ, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Амангелді Кәрентаев, филология ғылымының кандидаты, доцент Темірбай Мұқашев, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университет оқытушысы, әдебиеттанушы Бақытжан Махашев және т.б. қатысты.
Аталмыш іс шараға Керімбай атындағы мектеп-гимназиясының 8"В" сынып оқушылары Д.А. Қонаевқа арналған жыр шумақтарын Кәдірбек Нұрдәулет "Алатау Адам" ,Берден Бекзат "Нар тұлға", Жайлау Асылжан "Дара шың",Бауыржан Алижан "Димаш ата рухына", Кеңес Айниса "Дінмұхамед Қонаевқа" арнау өлеңдерін оқып, Алғыс хатпен марапатталды. Шара соңында Жамбыл облыстық бөлімшесінің қолдауымен жарық көрген «Қонаев қоры: тарих және тағылым» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Кештің қонағы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармония әншісі - Бақыт Шағырбаев ән шашуын сыйлады. Д.А.Қонаевқа жасақталған арнайы кітап көрмесіне де шолу жасалынды.
