08
декабрь
2022
Lesson Study зерттеу сабағы.
№1 зерттеу сабағы математика пәні болды. Пән мұғалімі Талайбекқызы Анар
Сабақтың тақырыбы: «Ондық бөлшектерді көбейту». Бұл сабақта «Төңкерілген сабақ» әдісін қолдандық. Оқушылар 1-ші тапсырма орындады. Осы тапсырманың орындалуын мәтіннен оқыды. Тапсырманың 1-ші орындалуы мәтіннің мағынасын түсінуге үлкен көмегі болды. Нәтижесінде оқушылар ондық бөлшектерді көбейту ережесін өздері тұжырымдады. Сабақты бекіткенде, ондық бөлшектерді өмірде қолдануға арналған тапсырмалар беріліп, оқушылардың қызығушылығын арттырдық. А оқушысы – жұпта жұмыс жасап, өзіндегі ақпаратпен бөлісуді үйренді. В оқушысында белсенділік пайда болып, ойын қысылмай еркін айтуға үйренді. Ал С оқушысының сабаққа қызығушылығы оянды. Жалпы, осы сабақты қорытындыласақ, сабақтардан байқағанымыз оқушыға жай ғана мәтінді оқу тапсырмасын беріп қана қоймай, оқылым дағдысын қалыптастыратын әдістерді таңдай білу қажеттігін түсіндік. «Әр бала – жұлдыз» – демекші әр оқушыға өз деңгейінде білім қалыптастыру үшін бір циклмен шектелмей, келесі циклдарды ұйымдастыру қажеттігін түсіндік.
L.S. зерттеу сабағының тиімділігі:
Мұғалімдер арасында кәсіби диалогты қалыптастырып, дамытады.
Ұжымдық мәдениетті қалыптастырады.
Мұғалімдердің назарын оқушылардың білім қажеттіліктеріне аударады.
Бағдарламаны, ғылыми тұжырымдамаларды терең түсінуге көмектеседі.
Мұғалімдер кәсіби педагогикалық білімін дамытады.
Мұғалімдер сабақты бақылау және кері байланыс беру дағдыларын қалыптастырады.
Мұғалімдер білімның ғылыми мағынасына түсінеді және зерттеушілерге айналады.
Оқушының оқуы жақсарады.
Функционалдық сауаттылығы дамиды.
Қоғамға қажетті тұлға болып қалыптасады.
Біздің бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, проблемаларды бірігіп шешу деген болмаған еді. Лессон Стади мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білімін жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екеніне көз жеткіздік.