28
ноябрь
2022
Lesson Study әдісімен сабақ өткізу.
“Ойлау оңай, әрекет қиын, ал ойды әрекетке айналдыру ең қиын нәрсе.”
И. Гете.
Қазіргі уақытта әр бір педагог үшін өз білімдерін шыңдау, дамыту басты мақсат болып табылады. Себебі, білім бір орында тұрмайды, ол үздіксіз дамып отырады. Әр күн сайын біз жаңа ашылулар, жаңалықтар оқып,көруімізге болады. Сол жаңалықтардың бірі — жаңаша тәсіл — Lesson Study деп аталады. Lesson Study — мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл.
Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. «Зерттеу сабағы қарапайым идея болып табылады. Lesson Study әдісі – ондағы басты мақсат әріптестермен бірігіп,
•Сабақ жоспарын құру
•Зерттеу сабағын талқылау
•Сабақтың жоспарын талқылау
•Зерттеу сабақтарын өткізу болып табылады.
Осы мақсатта # 12 мектеп-гимназиямыздың жас мамандарының арасында 3 топ құрылды. “Жас қанаттар” тобы 6“Д” сыныбын таңдап алдық. Сабақ барысында оқушыларға бақылау жүргізілді. А,В,С деңгейіндегі оқушылар тобына жататын оқушының сабақ барысында іс –әрекетін зерттеу үшін, әр оқушыға арнайы зерттеу картасын толытырады. Мұғалімдер зерттеуге бір оқушыдан алып, сол оқушының сабақтағы әрекетін зерттеді. оның қажеттілігін анықтауға болатын тиімді әдіс -тәсілдерді сабақтың жоспарын құруда талқылап шықты.
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін” өлеңінің мазмұны мен идеясы
Өткізген: Иген С.А.