02
сентябрь
2022
Президентіміз Қасым -Жомарт Кемелұлы Тоқаевың Қазақстан халқына Жолдауы
Президентіміз Қасым -Жомарт Кемелұлы Тоқаев 01.09.2022 жылы елімізге елеулі өзгерістер әкелетін, маңызды әрі нақты атқарылатын істерді нақтылап, Қазақстан халқына Жолдауын жолдады. Еліміздің басты құндылығы – адам екенін баса айта отырып, ұлтымыздың болашағына қатысты серпінді тың жобаларды айтты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Орта білімнің де сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты екенін атап өтті. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынғандығы айтылды. Бұл жоба ұлттық құндылығымызды арттыра түсетін бірден- бір бірегей жоба болмақ. Президентіміз мектепке дейінгі тәрбиенің маңызды тұстарын да атап өтті. Өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың, жас буынның ұлттың мақтанышы болатындай тәрбие мен білімді сіңіре білуде аянып қалмау керек екені айтылды. Білімді ұрпақ -жарқын болашақтың кепілі. Президентіміз жолдаған Жолдауды қолдай отырып, алдағы атқарылатын игі істерге барша қазақ халқы, ұстаздар атсалысайық!