Елбасы Н.Ә. Назарбаев “Елдіктің жеті тұғыры” атты қағидаттар жиынтығын ұсынды. » СШ №12
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№12 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Елбасы Н.Ә. Назарбаев “Елдіктің жеті тұғыры” атты қағидаттар жиынтығын ұсынды.
06
декабрь
2021

Елбасы Н.Ә. Назарбаев “Елдіктің жеті тұғыры” атты қағидаттар жиынтығын ұсынды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін қажетті алғы ­шарттарының бұл күнде қарқын ала дамып , ары қарай да дами беретініне сенім білдіре отырып, “Елдіктің жеті тұғыры” атты қағидаттар жиынтығын ұсынды. Атап айтатын болсақ, бірінші, тәуел­сіз­дік – кез келген азамат үшін ең қастерлі құндылық. Жастар осы құндылықты бағалай білуге тиіс. Екінші – бір­лік пен келісім елдігіміздің мыз­ғымас тұғыры екендігіне тоқтал­ды. Үшінші – жер ата-баба мұра­сы, халық қазынасы. Елбасы жер туралы айта келе, ата-баба ама­натына адал болып, ұлан-ғайыр же­рімізді қорғау, оны болашақ ұрпаққа мирас ету жастардың ортақ борышы дегенге ерекше басымдық берді. Төртінші – отбасы мен салт-дәстүр қоғамның алтын діңгегі. Қай кезеңде де біз үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетуді дәріптейтін ата-дәстүрімізді берік ұстануымыз қажет екендігі баса айтылды үндеуде. Бесінші – ұлттық мәдениет ха­лық­тың рухани тірегі екендігі жө­нінде айта келіп, өркениетті 30 елдің қатарына қосылу үшін материалдық құндылықтармен қатар рухани байлықтың маңызы  жоғары екендігіне тоқталды. Елбасы алтыншы тұғырда “Өскелең ұрпақтың ғылым, білімге, еңбекке деген ұмтылысы-келешек кепілі “-деп жастарымыздың білімді болуы, елдің жарқын болашағы екенін атап өтті.Жетінші – прагматизм принциптері бойынша жастар қанағатшыл, үнемшіл, ұстамды болып, уақытты орынды пайдалануға талпынған жөн дей келе, терең білім алып, адал еңбек етуге үндейді. Қорыта айтқанда, Елбасының  үндеуі тәуел­сіз­дігімізді баянды етіп, ел тұтас­тығын сақтап, отбасылық құнды­лық­тарды жаңғыртып, ұлт мәдениетін наси­хаттап, терең білім мен адал еңбекке ден қойған жасам­паз ел боламыз деген қағи­даны берік ұстанумыз қажет екендігін айқындайды.Осы бағытта елімізді әлемге танытуда қыз­мет ету – біздің міндетіміз.  Өйт­кені қазақтың тарихы – мақтан етуге лайықты, ерлік пен елдіктің тари­хы. Ендеше, Елбасының ұрпаққа ама­натына адалдық танытып, ұлттық құндылықтарды ұлықтап, Қазақ­станның абыройын асқақтату жо­лында еңбек етуіміз керек. Еліміздің тәуелсіздігі мәңгілік,тұғыры берік болсын!

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив