16
март
2022
«Біздің мұратымыз-жаңа Қазақстанды құру» Қ.К.Тоқаев
Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Тоқаевтың бүгінгі халыққа жолдаған жолдауындағы «Саяси реформалардың жаңа бағдарламасын жүзеге асыру және таяу болашақтағы жүзеге асырылатын бірқатар әлеуметтік, экономикалық шараларды» қолдаймыз. Ел ертеңіне сенбеген халық керемет болашақ жасай алмайды. Маңызды шешімдер жұртшылықтың пікірімен санаса отыра қабылданады. Мақсатқа жету үшін өзгерісті әрқайсымыз өзімізден бастауымыз керек. Ешкім бізге сырттан келіп, жаңа Қазақстанды құрып бермейді. Оны өзіміз жасаймыз. Сондықтан да бүгінгі таңда әлемде болып жатқан геополитикалық саясаттардың ушығып тұрғанына қарамастан, елімізде тұрақтылықты ұстау, дағдарысқа қарсы шараларды дер кезінде тиімді қолдану аса маңызды. Мен азаматтарымның ертеңі емес бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын. Жерімнің тұтастығы халқымның болашағы маңызды. Бабалар аманатын ұрпаққа жеткізу біздің мұратымыз. Жаңа Қазақстан жаңғыру жолында. Қазақстанымыз бізден басқа ешкімге керек емес деген Президенттің пікірін қолдай отырып, халық пен биліктің арасында бірлескен ортақ шешімдердің қабылдануы еліміздің болашағы үшін маңыздылығын баса назарда ұстауымыз керек.