09
сентябрь
2021
ҚР Призденті Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлының жолдауы.
«Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» ҚР Президентінің Жолдауы. Президент жолдауға қатысты мәлімдемесінде Қазақстан Республикасында тәуелсіздіктің 4 кезеңіне дайындықтың ұлттық жоспарын бекіту қажеттігіне қатысты еліміздің әлеуметтік экономикалық дайындық деңгейіне жете тоқталды. Тыңдаушыларды аса толғантқан мәселелердің біріне өңірлерді дамытудың ұлттық жобасын қамтамасыз ету керектігін айтуға болады, оның ішінде Қазақстан халқының әлеуметтену процессінің сапасы мен нәтижелілігін басты өлшем ретінде көрсету міндеттелінді.
Осы тұрғыда Президент Қазақстан халқының саяси мәдениетін жаңғырту мазмұнына тоқталып, төмендегідей. бірнеше мәселелерге байланысты өзгерістер енгізу қажеттілігіне тоқталды:
• Инклюзивті білім беруді жетілдіру;
• Гендерлік теңдік тұжырымдамасын өзгерту;
• Халықтың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету;
• Қазақ тілінде сөйлеу мәдениетін дамыту;
• Жастардың отыншылдық сезімін қалыптастыру;
• Зиялы қауымның үлгі-өнеге болу сипаттарын бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты түрде насихаттау;
• Ірі және кіші бизнеске салынатын салықтарды 34% - дан 25% - ға дейін төмендету және оны 2023 жылға дейін толық шешу. Жолдауды талдап,11 «ә» сынып білім алушылары өзара пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.