26
февраль
2022
"Балаға қатал қараған дұрыс па?" тақырыбында дебат ойыны
Бүгінде бала тәрбиесінде көп ата-ана әлсіздік танытып, түсінбей жүрген жандар аз емес. Осы тұрғыдан келгенде, бірқатар ата-ана өзі жұмыстан шаршап келгенде аздаған бұзықтығына қарамастан, баласына қаталдық танытып жатады. Ал бұл дұрыс па? Біз не үшін жазалаймыз? Тәрбие дегеніміз не? 8 сынып білім алушыларының арасында "Балаға қатал қараған дұрыс па?" тақырыбында дебат ойыны өткізілді. Сонымен бірге бүгінгі таңда білім алушылардың мектеп бітірер кезде мамандық үшін пән таңдауы өзекті мәселе болып келеді. "Пән таңдау құқығын баланың еркіне берген дұрыс па?" деген тақырыпта орыс тілінде де дебат ойыны ұйымдастырылды. Ойынға қалалық, облыстық дебат турнирінің жеңімпаздары Мамырбек Исламбек, Амангелді Әсем төрешілік жасады.