11
октябрь
2021
"Елімізге Атом электр станция қажет пе?" деген тақырыпта дебат ойыны
Мектеп-гимназиямыздың 10 сынып білім алушылары арасында "Елімізге Атом электр станция қажет пе?" деген тақырыпта дебат ойыны өткізілді. Мақсатымыз: 8, 9, 10 сыныптар арасында "Дебат ойыны" туралы түсіністік қалыптастыру болды.
Ойынға төрешілік еткен, дебат ойындарында көптеген облыстық жарыстарда жеңімпаз болған, одан ары студенттік лигаларда талай рет бақ сынаған, мектебіміздің түлегі Думан Қазыбек
Бұл тақырыпты таңдауымыз да кездейсоқ емес, өйткені Президентіміз ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі жолдауында "Елімізде энергия тапшылығын жою мақсатында, АЭС салу үшін дайындық жұмыстарын жүргізуді" тапсырып, күн тәртібіндегі мәселе екенін ескерткені белгілі.
Білім алушыларымыз, осы мәселені өз деңгейінде талқылап, пікірлерін ортаға салып, Дебат ойынының қыр-сырын кеңінен танытуға атсалысты. Алдағы уақытта жан-жақты, ой өрісі дамыған Спикерлерді дайындап шығарамыз деген үміттемін...