11
февраль
2022
Оқу материалдарын жетілдіру мақсатында орындалатын жұмыстар
№12 мектеп-гимназия директоры Мұрат Жарылқапұлы материалдық – техникалық базаны ретке келтіру,мектеп мүліктерінің сақталуын қамтамасыз ету,оқу кабинеттері мен бөлмелердің оқу материалдық базасын жетілдіру, зертханалық, сарамандық жұмыстарды ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлардың болуын ескере отырып, мектеп-гимназия ұжымына «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығы» негізінде талдау жұмыстарын жүргізді.