«Жақсы ұйқы + пайдалы ас + спорт = бұл менің таңдауым»
«Жақсы ұйқы + пайдалы ас + спорт = бұл менің таңдауым» Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Жақсы ұйқы + пайдалы ас + спорт = бұл менің таңдауым» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар дұрыс тамақтанудың маңызы, ұйқы режимін сақтаудың денсаулыққа пайдасы және спортпен шұғылданудың адам ағзасына тигізетін оң әсері туралы ақпарат алды. Сондай-ақ, күн тәртібін тиімді ұйымдастыру, зиянды әдеттерден аулақ болу және белсенді өмір салтын ұстану мәселелері талқыланды.