Методика и опыт » Страница 30 » СШ №12
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№12 мектеп-гимназия"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » » Страница 30
Жас мамандарға оқыту семинары
18
ноябрь
2021
Жас мамандарға оқыту семинары
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІГІН КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ     Мектеп-гимназиямыздың үйлестірушісі Сандуғаш Мұқанқызы жас мамандарға арнап оқыту семинарын өткізді.     Семинардың мақсаты: Критериалды бағалаудың қалай, қай кезеңде жүргізілетінін анықтап, практикада қолдану;   Критериалды бағалаудың түрлері туралы тарқата айтып, негізгі артықшылығына тоқталып, жұмыс жасатып, өз тәжірибесімен бөлісті. Семинар соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, туындаған сұрақтарына нақты жауаптар алды, 
Білім алушылардың тәжірибелік және топтық іс-әрекеті
18
ноябрь
2021
Білім алушылардың тәжірибелік және топтық іс-әрекеті
Жаратылыстану пәні бойынша 5 "в" сынып білім алушыларының тәжірибелік және топтық іс-әрекеттері. Сабақтың қызықты өтуі кейде өтілетін тақырыпқа байланысты болар деген тұжырымға келесің.
«Сабақты зерттеу мен іс әрекетті зерттеу»,« Тиімді оқыту» бойынша семинар
16
ноябрь
2021
«Сабақты зерттеу мен іс әрекетті зерттеу»,« Тиімді оқыту» бойынша
Тараз қаласы Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері Альтаева Ш.Қ мен Н.М.Тұрысбекова  мектептердегі сабақтарға қатысу, оқыту сапасын талдау және әдістемелік көмек көрсету мақсатында 10 қараша күні мектеп-гимназия мұғалімдерінің қазақ тілі, орыс тілі, биология пәні  сабақтарына қатысып, сабақтарын бақылау нәтижелері бойынша жеке коучингтер өткізді.              Сонымен қатар мектептің 25 мұғаліміне  «Сабақты зерттеу мен іс әрекетті зерттеу»,« Тиімді оқыту» бойынша семинар өткізді.
"Тәуелсіздік жетістіктері" тақырыбында дөңгелек үстел
16
ноябрь
2021
"Тәуелсіздік жетістіктері" тақырыбында дөңгелек үстел
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған 30  іс-шараның жалғасы  кітапхана төрінде мұғалімдер арасында "Тәуелсіздік жетістіктері" тақырыбында дөңгелек үстелмен ұласты. Жауаптылар: Мектеп-гимназия кітапхана меңгерушісі  Майра Расылбекқызы, жаратылыстану бірлестігі.
«Qazaq Epos» ағарту жобасының «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы
15
ноябрь
2021
«Qazaq Epos» ағарту жобасының «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!        БІЛІМДІ ШӘКІРТ-ҰСТАЗ МАҚТАНЫШЫ!        Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»,  «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында 6-10 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Qazaq Epos» ағарту жобасының «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының «Ер Едіге» жырын жатқа айту бойынша облыстық кезеңіне қатысып,  жүлделі ІІ орынды 10 сынып оқушысы Сыдықбек Сая иеленіп,  75000 теңгелік
Жаңа форматта "Педагогикалық кеңес"
08
ноябрь
2021
Жаңа форматта "Педагогикалық кеңес"
Бүгін мектеп-гимназиямызда кезекті педагогикалық кеңес ерекше форматта өтті.  Күн тәртібінде қаралған мәселелер:  1. І тоқсанның қорытынды білім сапасы;  2. Мектептің даму жоспары бойынша жүргізіліп жатқан жобалардың жұмысы;  3. Ұрпақтар теориясы;   Педагогикалық кеңесте мектеп-гимназия директоры  Мұрат Жарылқапұлы І тоқсанның қорытындысы бойынша талдау жасап, жетістікке жетуге бағытталған жобалардың жұмысын таныстырды. Сонымен қатар «Ұрпақтар теориясы» атты таныстырылым жасап, педагогтерді
Мектепшілік Олимпиада
02
ноябрь
2021
Мектепшілік Олимпиада
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында 02.11.2021ж. пән бойынша 7-11 -сыныптар аралығында  мектепішілік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға барлығы 494 білім алушылар қатысты. Олимпиада жаратылыстану, гуманитарлық бағыттағы барлық пәндер қамтылды. Білім алушылардың қатысу деңгейі өте жоғары болды. Нәтижесінде І орынды -55 ,ІІ орынды -97 ,ІІІ орынды- 140 иеленіп, І орынды иеленген білім алушылар қалаға жолдама алды. Білім алушыларға сәттілік тілейміз!
Математика пәнінен мектепшілік олимпиада
23
октябрь
2021
Математика пәнінен мектепшілік олимпиада
20.10.2021 күні Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында 5- сынып білім алушылар арасында математика пәнінен мектепішілік олимпиада өткізілді. Мақсаты: 5- сынып білім алушылардын арасынан математикаға дарынды балаларды  анықтау және олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Ұйымдастырушылар: Мектеп- гимназия директорының әдістеме ісі жөніндегі орынбасары С.Мубаракова және математика пәні бірлестігі мұғалімдері.
Математика пәнінен мектепшілік олимпиада
23
октябрь
2021
Математика пәнінен мектепшілік олимпиада
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясы пәндер арасында кіші олимпиада жалғасын табуда.6- сынып білім алушыларының  математика пәнінен олимпиада тапсырып жатқан сәтінен. Олимпиада барысынан балалардың пәнге деген қызығушылығын байқауға болады. Білім алушыларға сәттілік!
География сабағында білім алушылардың функционалды сауаттылығын дамыту жолы
22
октябрь
2021
География сабағында білім алушылардың функционалды сауаттылығын
20.10. 2021 ж. "География сабағында білім алушылардың функционалды сауаттылығын дамыту жолы" тақырыбында өткен облыстық  онлайн семинарда "Liveworksheets" платформасында интерактивті тапсырма түрлерін сабақта тиімді пайдалану, семинарға қатысушы мұғалімдермен іс-тәжірибе бөлісу сәтінен көрініс. Ұйымдастырушы облыстық білім бөлімінің әдіскері Ғалия Еренсізқызына рақмет!