Методика и опыт » Страница 28 » СШ №12
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№12 мектеп-гимназия"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » » Страница 28
Иген Сания
26
январь
2022
Иген Сания
Қазақ тілі  пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадасының ІІІ дәрежелі диплом жеңімпазы Сания Иген  марапатталды.  
Анара Таалайбекқызы
25
январь
2022
Анара Таалайбекқызы
Математика пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадасының І дәрежелі диплом жеңімпазы Анара Таалайбекқызы марапатталды.
Қашықтық форматта сабақ
24
январь
2022
Қашықтық форматта сабақ
Жаратылыстану пәні 5"В" сыныбы Сабақтың тақырыбы: Жер ғаламшарында неге тіршілік бар? Қашықтық форматта қайта сабақ өтудеміз. Ұстаздар қауымына жұмыстарына сәттілік тілейміз
Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады
21
январь
2022
Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының 6 "Б", 6 "В" сынып жетекшілері Тулеева Ботагөз Ендібайқызы мен Коккозова Жазира Жасыузаковнаның ұйымдастыруымен “Мектепке тағзым” акциясы  және “Jambyl tulek.kz” жобасы бойынша мектеп бітіріп кеткен түлектермен «Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады» тақырыбындағы онлайн кездесуі өтті.  Кездесуге қатысқан қонақтарымыз – Амангелді атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің аға ұстазы Қырықбаева Мөлдір Жаңабекқызы.
" Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына" орай шахматтан турнир
28
декабрь
2021
" Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына" орай шахматтан турнир
Қала мектептері арасында 24.12.2021ж. шахматтан " Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына" орай мектеп оқушылары арасында турнир өткізілді.  Турнирде №12 мектеп- гимназия оқушылары Шабден Мирас, Құрманәлі Абылай, Балтабай Жансерік,Жаңабай Нұрай командалық жарыста  жүлделі ІІІ- орын иеленіп,  кіші кубок пен мақтау грамоталарымен марапатталды. Жетекшілері Имашев Талғат, Қорғанбаев Азамат.
Шеберлік сыныптарының шеруі
27
декабрь
2021
Шеберлік сыныптарының шеруі
Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 22 желтоқсан күні «Қысқы мектеп» жобасын жүзеге асыру аясында жаратылыстану- математикалық бағытындағы пән мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныптарының шеруі өтті. Шеберлік сыныпта мектеп-гимназиямыздың информатика пәні мұғалімі Байдаулетова Лазат пен математика пәні мұғалімі Курбанова Тойгул  өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Ғылым таппай мақтанба, адам болам десеңіз?
27
декабрь
2021
Ғылым таппай мақтанба, адам болам десеңіз?
М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ұйымдастыруымен өткен «Ғылым таппай мақтанба, адам болам десеңіз?» тақырыбында жас ғалымдар арасында ғылыми практикалық конференция болып өтті.     Конференцияға мектеп-гимназиямыздың білім алушылары қатысып,  жүлделі орынды иеленді:  Көмекбаева Балжан-ІІ орын,  жетекшісі Шартықбаева Гаухар;  Сейсенбай Мухаметали-ІІІ орын,  жетекшісі Жампозова Динара.  Білім алушыларымыздың білім қуған қанаттары талмасын, тек биікке самғасын!
Тәуелсіз елдің жалынды жастары
20
декабрь
2021
Тәуелсіз елдің жалынды жастары
Мектеп-гимназиямызда "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 іс-шара" жоспарына сәйкес, "Тәуелсіз елдің жалынды жастары" деген тақырыппен Жас мамандар арасында Дебат ойыны ұйымдастырылды. Резолюция: "Сапалы мамандарды дайындау жолдары" Бүгінгі қарастырған Резолюциямыз (тақырып) әрдайым өзекті мәселе болып табылады. Себебі, енді ғана 30 жыл толып отырған Тәуелсіз Қазақстан үшін сапалы мамандарды дайындаудың маңызы жоғары. Сапалы мамандар біздің болашағымыз, яғни әлеуметтік, экономикалық және саяси
Елін сүйген Елбасы
02
декабрь
2021
Елін сүйген Елбасы
30 қараша күні 4"Ә" сынып оқушыларымен Тұңғыш Президент күніне арналған "Елін сүйген Елбасы" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сабағымыздың мақсаты Елбасындай Отанын, халқын сүюге нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу. Елбасының ел үшін жасаған істерін үлгі- өнеге ету.  Оқушылар Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен жері, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы көптеген мағлұматтар алды.
Тәуелсіздік жүрегімнің төрінде
02
декабрь
2021
Тәуелсіздік жүрегімнің төрінде
26 Қараша күні 7 "Д" сыныбымен бірге Облыстық кино орталығында Қ.Р Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, 1 Желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай "Тәуелсіздік жүрегімнің төрінде" тақырыбында документальды фильмді тамашаладық. Бұл документальды фильм тәуелсіздікке жету жолындағы елдің ерлік күресі мен қазіргі Қазақстанның жетістіктеріне арналған. Мақсатым: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру, әлем таныған ел екенін дәлелдеу, білімдерін кеңейту.