24
май
2025
“ 50 жыл - алтын белес. Мектеп - мәңгі жүректе”
“ 50 жыл - алтын белес. Мектеп - мәңгі жүректе”
Биылғы көктем мектеп- гимназиямыздың тарихында ерекше бір белеске айналды. 1975 жылы алтын ұясынан үлкен өмірге жолдама алған түлектеріміздің мектеппен қоштасқанына 50 жыл толып отыр. Осыған орай мектеп-гимназиямызда ардақты түлектермен әсерлі кездесу ұйымдастырылды.
Бұл күні мектеп- гимназия қабырғасы мерекелік көңіл-күйге бөленіп, жас ұрпақ пен аға буынның тоғысу алаңына айналды.
Алтын ұядан жарты ғасыр бұрын тұлеп ұшқан түлектердің әрқайсысы - әр түрлі мамандықты игеріп, еліміздің өркендеуіне үлес қосқан, өз ортасында абыройға ие болған еңбек ардагерлері.
Кездесу барысында түлектер өз естеліктерімен бөлісіп, ұстаздарына алғыстарын білдірді.
Кездесу соңында естелікке суретке түсті.Бұл – кейінгі буынға қалдырған тағылымды естелік әрі символдық белгі.