2019-2020 оқу жылының қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы » СШ №12
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№12 мектеп-гимназия"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » 2019-2020 оқу жылының қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы
19
май
2020

2019-2020 оқу жылының қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы

Керімбай   атындағы  №12  мектеп-гимназиясында өткізілген  қамқоршылық   кеңестің  
 №1 хаттамасы
Күні:  19.05.2020ж
Қатысқандар:  Мектеп-гимназия директоры: Мұрат Жарылқапұлы                        
Қамқоршылық   кеңестің мүшелері 
                            Ата-аналар комитеті.
Күн тәртібінде
  1. Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназия директоры Мұрат Жарылқапұлының 2019-2020 оқу жылындағы атқарылған жұмыстары   туралы есебі 
Тыңдалды: 
            Алғашқы сөз кезегін мектеп-гимназия директоы Тұрысбек Мұрат Жарылқапұлы алып, Попечительский совет мүшелері алдында 2019-2020 оқу жылындағы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
                    Заман талабына сай білім мазмұнын  жаңартып  отыру - бүгінгі  күннің басты талабы. Осы мақсатты көздеген Керімбай атындағы №12  мектеп-гимназия ұжымы оқу жылын табысты аяқтауда.
Мектеп-гимназия 2019-2020 оқу жылын 1852 оқушымен   бастап, 1949 оқушымен аяқтауда. 1-4 сыныпта - 31 сынып- 5-9 сыныпта -35 сынып, 10-11 сыныпта - 7 сынып білім алды. 
Мектеп-гимназиядағы педагогикалық қызметтің білім берудің мемлекекттік стандарт талаптарына сайкестігін, мектептің одан әрі дамуын қалыптастыру мақсатында – 2018-2021 оқу жылдарға арналған «ТАБЫСҚА ҮШ ҚАДАМ»   кешенді даму бағдарламасы жасалынды. 
Мектеп-гимназия ұстанымы:
ХХІ ғасырдың өзіндік моделін қалыптастыратын, елінің болашағына сеніммен қарайтын, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін, үш тұғырлы тіл саясатын ұстанған білім алушылар - Мәңгілік ел тірегі.
Миссия:
Білім алушының бойында заманауи әлемде табысты болуды қамтамасыз ететін, өмірдің түрлі жағдаяттарында шешім таба білетін дағдыларды қалыптастыру.
Мақсаты  – ұлттық және адамға тән жалпы құндылықтар, ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дарындылығын дамытуға және табысқа жетуге бағытталған  сапалы білімді  алу үшін қажетті жағдайлар жасау, сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Міндеттері:
  • Жаңартылған білім мазмұны аясында білім алушылардың білім сапасын арттыру;
  • Шәкірттердің табысқа жетудегі шығармашылық  жеке дарындылығын дамыту;
  • Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру;
  • Тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру;
  • Еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту;
  • Табысқа жетуге бағытталған жобаларды жүзеге асыру.
I. Білім сапасы.  
Мектеп-гимназияның  жалпы жыл бойынша білім сапасына келсек, тоқсан сайын зерделеніп, өсу мен кему динамикасы  салыстырылып отырды. 
Білім сапасынын мониторингі
I     тоқсан           56,2 %
II   тоқсан                                        63,3 %
III  тоқсан                                         67,2%
ІҮ тоқсан                                                     72 %
Жылдық                                                       72     %
       2019-2020 оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұнымен 1-10 сыныптар оқыды. Оқулықпен оқушылар 100% қамтылды. 
Гимназия сыныптары:
           2019-2020 оқу жылында барлығы  36 гимназия сыныбы болып, 1-11 сынып аралығын қамтыды. Гимназия сыныбының ерекшелігі бастауыш сыныптарда  пәндерді кеңейтіп, жоғары  сыныптарда пәндерді тереңдетіп оқытатындығында, (қазақ,ағылшын,математика).  
Қорытынды аттестаттау  және ОЖСБ-ға дайындық
9-сыныпта - 152 оқушы, 11-сыныпта -65  оқушымен ОЖСБ және ЕНТ–ға дайындық жұмыстары жүргізілді. Жыл бойынан қорытынды аттестаттауға дайындықтың қадамдық іс-қимыл жоспары жасалды. Бірнеше рет сынақ тестер, психологиялық көмек,  мамандық таңдауға көмек, ата-аналармен бірлескен жұмыс ұйымдастырылды. 
Қорытынды аттесттаттау бойынша мектеп-гимназия нәтижесі  қала бойынша алдыңғы қатардан көрініп келеді.
Ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жұмыс.
Өткен оқу жылында 7 оқушы үйден оқытылса, 3 оқушы инклюзивті білім берумен қамтылды. Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт мектепке келе алмайтын балалар үшін ҚР  «Білім туралы заңының» 8 бап, 5 тармағына, ҚР «Білім және Ғылым министрінің №61 (2014 ж 25 ақпан) бұйрығына, Тараз қалалық ведомствоаралық психологиялық – медициналық-педагогикалық консультациясы мемлекеттік мекемесінің домжағдайында оқытылатын оқушыларға берген қорытындысын негізге ала отырып оқу – тәрбие жұмысы ұйымдастырылды. 
Әлеуметтік жұмыстар
Көп балалы отбасынан шыққан оқушылар саны – 470. Толық емес отбасынан шыққан оқушылар саны – 225. Тек анасымен тұратын оқушылар саны – 220. Тек әкесімен тұратын оқушылар саны – 5. Тума-туыстарымен тұратын оқушылар саны – 9. Өгей әкемен тұратын оқушылар саны – 12. Өгей шешемен тұратын оқушылар саны – 3. Қамқоршысымен (опекун) тұратын оқушылар саны – 3. Патронаттық тәрбиедегі оқушылар саны – 2. Мектепішілік есепте тұрған оқушы жоқ.
Оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басына дайындық уақыты кезінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке балалардың келмеуінің алдын алу мақсатында   2019 жылдың 1 – тамызы мен 30 – қыркүйегі аралығында Республикалық «Мектепке  жол» атты акциясы жүргізілді. 
Олимпиада
            Мектеп-гимназияда 28.10.2019 жылғы №263 бұйрыққа сай мектепішілік пән олимпиадасы ұйымдастырылып, екі кезеңде өткізілді.
         Мектепішілік пән олимпиадасына жалпы 5-11 сыныптан 671 оқушы қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша, І орын алған оқушылар қалалық пән олимпиадасын жіберілді. 
Сонымен қатар, мектеп-гимназияның жұмыс жоспарына сәйкес, мектепішілік «Ғылыми жоба-2020» байқауы бойынша   25жұмыс қалаға ұсынылып, 11 жұмыс өтті.             
«Ақбота» интеллектуалды байқауынан-49 орын, «British Bulldog»-тан 98 орын, «Кенгуру-лингвист»   олимпиадасынан – 125 орын, «Кенгуру-математика»   олимпиадасынан –218 орын, «Золотое руно» байқауынан -23 орын, «ПОНИ» байқауынан- 4 орын,  КИО «Дарын» орталығының оқушылар арасындағы қашықтық олимпиадасынан - 214 орын, «Tio.kz»,«Nio.kz» қашықтық олимпиадалары-118 орын,   мұғалімдер қатысқан байқаулардан – 264 орынды алды.
Мектеп-гимназиябілім алушылары бұл байқаулардан да басқа байқауларға қатысып жүлделермен оралып жүр.
Жалпы мектеп-гимназиясы бойынша 2019-2020 оқу жылының наурыз айына дейінгі  мұғалімдердің жетістіктері:
  1. Республикалық «Білім Өркениет» инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған байқауда Қарабаева Гүлмира І дәрежелі дипломмен және  «Білім беру саласының көшбасшысы» төсбелгісімен марапатталды.
  2. Төлегенов Әуез  Жамбыл облысы бойынша, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін белгісімен марапатталды».
  3. Қалалық «Лучший қазақ тілі мен әдебиеті» мұғалімі байқауында Шалдыбаева Гүлзейнеп І орынды иеленді.
  4. Қалалық химия пәні мұғалімдерінің олимпиадасына қатысып Сейтқұлова Сандуғаш ІІІ орынды иеленді.
  5. Қалалық тарих пәні мұғалімдерінің «Лучший сабақ» байқауында Сенкібаева Әсел ІІІ орынды иеленді.
  6. Олимпиада жеңімпаздарының жетекшілері: 
Тулеева Б, Акылбаева Б, Құрбанова Р, Оспанова Р, Манасова К, 
Қуатова Ұ, Елшібекова Г;
  1.  Ғылыми жоба жеңімпаздарының жетекшілер:
Әбдіқадір А. Қабылова Н, Шартықбаева  Г, Абзелова Г,
                Кульбаева Л, Дүйсебаева А;
         Республикалық ғылыми жобаға физика пәні бойынша 9 сынып оқушысы Әбиірбек Әсемай жолдама алды. Жетекшісі: Әбдіқадыр Арайлым.
         Облыстық пән олимпиадасынан  9 сынып оқушысы Күмісбеков Нұрдәулет ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Оспанова Роза.
Бүгінгі күні әлемде, елімізде болып жатқан жағдайға байланысты , сәуірдің алтысынан   мектептер төртінші тоқсанды қашықтықтан оқыту форматында бастады.
Қашықтықта оқытуға дайындық барысында   мектеп-гимназия әкімшілігі, әдістемелік бірлестік жетекшілері, ұстаздар өздері қашықтықтан оқытуға ауысу бағытында белсенді жұмыс атқаруда.. Жұмыс бірнеше бағыт бойынша жүргізілді:
Электрондық журналдарда және күнделіктерде күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды реттеу, веб-сайттарға, электрондық кітапханаларға және т. б. сілтемелерді қолдана отырып, оқу материалдарын жоспарлау мен құрылымдауды уақытында жүзеге асыру, жұмыстың оңтайлы және әртүрлі түрлерін (бейне сабақтар, өзіндік жұмыс, онлайн-курстар, чат-сабақтар, веб-сабақтар, телеконференциялар мен форумдар және т.б.), қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (скайп, телесабақ, электрондық пошта, WhatsApp және Telegram чат,Moodle және т. б.) қолдану,бекітілген оқу кестесіне сәйкес сабақ өткізу,білім алушының өзіндік жұмысына бақылау жасап, кері байланыс жүргізу, білім алушыларға, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға жеке кеңестер мектеп-гимназия әкімшілігі тарапынан өткізіліп  отырды. 
     Білім алушылар бейнесабақтарға қатысып, тапсырмалар алып, қажет болған жағдайда педагогтердің өз сыныбымен онлайн-талқылауы, кері байланысы бойынша бірнеше жүйелер іске қосылды. Сынып жетекшілер білім алушыларына арнайы чаттар ашып, ата-аналарымен тығыз байланыс орнатып, қашықтықтан оқытудың жүйесі мен бағыт бағдарын түсіндіріп, сабаққа түгел қатысуын қамтамасыз етті. Мектеп-гимназия психологтары да ата-аналарға, ұстаздарға, білім алушыларға қашықтықтан оқытудағы қызығы мен қиындығын жеңе білуге көптеген психологиялық кеңестер ұсынып отырды. Жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден бір шарты мұғалімнің ізденімпаз болуы. Себебі, еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді.  Білім беру үдерісінің мазмұнды да тиімді болуы үшін ұстаздарымыз  оңтайлық платформалар мен бағдарламаларды қолдануды көздеп отыр. Bilimland.kz, Kundelik.kz, I-test, I-mektep, classroom, daryn.online ресурстары жаңартылған білім беру аясында табысты, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға керемет көмекші құралы болып отыр, сондай-ақ бұл платформалардағы әзірленген сабақ үлгілерін әріптестеріміз тиісті жағдайда пайдалануда. Сонымен қатар, Педогогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалының , «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының тренерлерінің,    «Талап» , НЗМ-нің тәжірибесі , «BilimLand»   педогогикалық ұжымға өткізетін вебинарлары жаңашылдық және ақпаратты қолдану дағдыларының тиімді жетілдіру жолдары: онлайн-сервисте жаттығулар, тапсырмалар, қосымшалар құруға оларда әр түрлі форматтарда сақтауға, пайдаланушылар арасында еркін ақпарат алмасуға және де көптеген жұмыстарды атқаруда бөліскен тәжірибелері мектеп-гимназия педагогтарын   жұмыстың түрлерін әртүрлі   ұйымдастыруға болатын мүмкіндіктерге үйрететінін ескеріп үнемі қатысып отырды. Сондай-ақ, мектеп-гимназия әкімшілігі, бірлестік жетекшілері тарапынан қашықтықтан оқытуға дайындық кезеңінен түрлі әдістемелік көмектер, семинар-тренинг пен коучингтер  ZOOM платформасы арқылы өтіліп,   қолдаулар  көрсетіліп келеді.  «Табысқа үш қадам» кешенді даму бағдарламасының «Табысты үштік» жобасы аясында  ұстаз, ата-ана, білім алушы бірлесе жұмыс жасап балаларға елеулі қолдау көрсетуде. Мектеп-гимназияның жұмыс жоспарына сәйкес педагогикалық кеңес, директор жанындағы кеңес, әкімшілік кеңес ZOOM платформасы арқылы өтілуде. 
       Әріптестеріміз бен білім алушыларымыз осындай жағдайда да мектеп-гимназия қоржынын түрлі қашықтық байқауларына қатысып, жүлдегер атануымен толықтыруда. Сәуір-мамыр айларында төмендегідей жетістікке жетіп отырмыз:
Ұстаздарымыз-148 орын;
Білім алушыларымыз-445 орынды иеленді. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив