24
сентябрь
2019
Попечительский советі отырысының хаттамасы
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында өткізілген қамқоршылық кеңестің
№1 хаттамасы
Күні: 23.09.2019жҚатысқандар: Қамқоршылық кеңестің мүшелері, ата-аналар комитеті.
Күн тәртібінде
- Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназия директорының 2018-2019 оқу жылындағы атқарылған жұмыстары туралы есебі
- Мектеп-гимназиядағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп-гимназия директоры М.Ж.Тұрысбек 2018-2019 оқу жылындағы атқарылған жұмыстарының қорытындысы бойынша баяндамасын оқыды. Баяндама барысында кеңес мүшелері мен ата-аналарға мектеп-гимназияның 2018-2021 оқу жылдарына арналған «Табысқа үш қадам» кешенді даму бағдарламасымен таныстырды. Сонымен қатар мектеп-гимназия миссиясын, пайымдауын және күтілетін нәтижесін түсіндіріп өтті.
«Табысқа үш қадам» кешенді даму бағдарламасы аясында жүргізілетін 13 жобаның мақсат-міндеттері мен күтілетін нәтижесімен таныстырды. Атап айтатын болсақ: «Цифрлы мектеп-гимназия» жобасы, «Табысты үштік» жобасы, «Білім» жобасы, «Саналы азамат» жобасы, «Шағала» жобасы, «Керімбай ұландары» жобасы, «Зерде» жобасы, «LS» жобасы, «Үлкен үзіліс» флешмоб жобалары екендігін тілге тиек етті.
Мектеп-гимназияның 2018-2019 оқу жылындағы І,ІІ,ІІІ,ІҮ тоқсан, жылдық қорытындысы бойынша білім сапасымен таныстырды, яғни І тоқсанда 52%, ІІ тоқсан 60%, ІІІ тоқсан 67 %, ІҮ тоқсан 69%, оқу жылының соңында 70% көрсеткіш көрсетті. Сонымен қатар пән бойынша білім сапасымен таныстырып өтті.
Мектеп–гимназияның 3 жылдық білім сапасының салыстырмалы көрсеткішін атап өтті. Толықтыра өтсек 2016-2017жж - 61% 2017-2018жж - 67,1%, 2018-2019жж-70%.
Сонымен қатар қорытынды аттестаттау және ОЖСБ-ға дайындықжәне ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жүргізілген жұмыстармен таныстырды.
Заман талабына сай мектеп-гимназиямыз «ЦИФРЛЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ» жобасын жүзеге асырып отыр. Жоба аясында мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын басшылыққа ала отырып «Күнделік.кз» , «Bilimland», Jumis.sitsen, eduschool.kz , «QR code» арқылы жұмыстар жүргізілуде екендігін атап өтті.
Көп балалы отбасынан шыққан оқушылар саны – 439. Толық емес отбасынан шыққан оқушылар саны – 234. Тек анасымен тұратын оқушылар саны – 230. Тек әкесімен тұратын оқушылар саны – 4. Тума-туыстарымен тұратын оқушылар саны – 11. Өгей әкемен тұратын оқушылар саны – 6. Өгей шешемен тұратын оқушылар саны – 1. Қамқоршысымен (опекун) тұратын оқушылар саны – 3. Патронаттық тәрбиедегі оқушылар саны – 2. Мектепішілік есепте тұрған оқушы жоқ. Сонымен қатар 1 – тамызы мен 30 – қыркүйегі аралығында Республикалық «Мектепке жол» атты акциясы жүргізілді. Мектеп ұжымы 4 білім алушыға мектеп формасын, мектепке қажетті құрал-жабдықтармен, «Іскер әйелдер» қоғамы үш оқушыға мектеп формасын, бір оқушыға мектепке қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз еттілгендігін айтты.
Білім саласындағы олимпиада, ғылыми жобадағы жетістіктерге тоқталып кетті.
10 «Ә» сынып оқушысы Мейірханова Айгерім «Кітап оқып миллионер бол» байқауының 2 орын жеңімпазы атанып, 500000тг сыйақыға және 7 «Ә» сынып оқушысы Қосыбай Сабина ұялы телефонға ие болды.
«Табысқа үш қадам» кешенді даму бағдарламасының «ТАБЫСТЫ ҮШТІК» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты, міндеті айқын. Жобаның негізгі жұмыс жүйесінде ата-аналардың сынып сағатын өтуі, жаңа форматтағы ата-аналар жиналысының өтілуі, ата-аналармен түрлі іс-шаралар ұйымдастыру қарасытырылған. Сонымен қатар «ҮЛКЕН ҮЗІЛІС» флешмоб жобасы, аптаның әр сәрсенбі күні өткізіліп отырады. Аталған жоба мереке күндеріне сәйкестендіріледі.
"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жергілікті сазгер, әнші С.Бәкірмен және «Қазақстан Жамбыл» телеарнасының тілшілерімен кездесулер ұйымдастырылғандығын ерекше назарға алды.
2018-2019 оқу жылында мектеп-гимназиямызда 27 үйірме жұмыс жасайды. Үйірме жұмысы «Шағала» жобасы арқылы жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта өз жұмысын жалғастырмақ.Осы үйірме қатысушылары Халықаралық, Республикалық,облыстық,қалалық байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр.
Өткен оқу жылында мектеп-гимназияда барлығы 134 мұғалім еңбек етті, оның 51-сі - жоғары санатты, 41-і - 1 санатты, 23-і - 2 санатты, санаты жоқ -19 педагог. Педагог кадрларының сапалық құрамы – 69% құрады.
Педагогтарды аттестаттаудың жаңа моделіне өтуіне байланыста педагогтарымыз былтырғы оқу жылында аттестаттаудың екі кезеңімен өз біліктіліктерін арттырды. Жалпы 2018-2019 оқу жылы бойынша
Педагог-зеррттеуші-29, Педагог-сарапшы-28, Педагог-модератор-7 біліктіліктерін алды.
Сонымен қатар жаңа 2019-2020 оқу жылына қойылған міндеттерменде таныстырып өтті. Атап айтатын болсақ:
1. Материалдық-техникалық базаны нығайту, химия, физика, биология пән кабинеттерін лабораториялық жабдықтармен жабдықтау;
2. Авторлық бағдарламаларды дайындау мен әдістемелік және дидактикалық оқу құралдарын жасау жұмыстарын жүйелі жолға қою;
3. Алғашқы әскери дайындық кабинетінің қоймасын арнайы жабдықтармен қамтамасыз ету;
4. Назарбаев зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін, жобасын енгізу жұмыстарын жетілдіру
5. Білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды күшейту.
6. Техникалық шығармашылық орталықтармен жұмысты жандандыру арқылы оқушылардың түрлі спорттық іс-шараларға, байқауларға қатысуын күшейту.
Екінші мәселе бойынша: директордың құқық ісі жөніндегі орынбасары Сейдуалиев Данияр баяндамасын оқыды. Баяндамада мектеп-гимназияның 2019-2020 оқу жылында қалалық білім бөлімі тарапынан берілген бірыңғай жұмыс жоспары бекітіліп, жоспарға сәкес жүмыстар жасалып жатқандығын тілге тиек етті. Келешек ұрпақтың құқықбұзушылыққа қайшы әрекеттер жасауға жол бермеу мақсатында жасөспірімдер мен ата-аналар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар мобильді топ мүшелерінің қатысуымен жиналыс, кездесулер ұйымдастырылып, мектепішілік лездемеде, ұлдар жиналысында қымбат, бағалы ұялы телефондарды ұстап келмеу, газды балон, т.б улы заттарды мектеп-гимназияға алып келмеу туралы ескертілгендігін айтты.
Жаңа оқу жылында мектепішілік есепте тұрған оқушылардың жоқтығын, шырқы бұзылған, өнегесіз отбасында тәрбиеленіп жатқан жасөспірімдердің тіркелмегендігін ескертіп кетті. Сонымен қатар наркодиспансер есебінде тұрған оқушылар жоқ. Хиджап, паранджа киетін оқушылар жоқ. Осы уақытқа дейін себепсіз 10 күннен астам себепсіз сабаққа келмеген оқушылар анықталмағандығын айтты.
Шешім:
- №12 мектеп-гимназия директорының 2018-2019 оқу жылындағы атқарылған жұмыстары қанағаттанарлық деп танылсын;
- Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары ата-аналар тарапынан қатаң назарға алынсын.
- Білім алушылардың білім сапасын арттыру мақсатында мұғалімдер мен ата-аналар тарапынан бақылау күшейтілсін.