"Бос жұмыс орны" » СШ №12
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№12 мектеп-гимназия"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » "Бос жұмыс орны"
15
апрель
2025

"Бос жұмыс орны"

            "ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ КЕРІМБАЙ АТЫНДАҒЫ  №12 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КММ УАҚЫТША БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.
    Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «Enbek.kz» және мектептің  ресми сайты мен әлеуметтік желі парақшаларына жарияланады.
   Конкурс төмендегідей УАҚЫТША бос орынға жүргізіледі:
  1. Кәсіптік бағдар беруші маман – 1 бірлік;
  2. Педагог-психолог – 1 бірлік;
Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясы» КММ.
Мекеменің мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би улица №77
Анықтама, байланыс номері: 43-77-67 
Электрондық пошта: 12_shkola@mail.kz
2. Негізгі функционалдық міндеттері:
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогика, педагогикалық психология; психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психопрофилактика негіздері; компьютерлік сауаттылық, оқу процесіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;педагогикалық этика нормалары;еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Лауазымдық міндеттері: 
  Мектепте кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырады, кәсіптік бағдарлау жұмысына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;
   оқушылардың кәсібін саналы түрде таңдауға бағытталған қызметті жүзеге асырады;
      білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға Мамандық таңдау бойынша шешім қабылдауда көмек көрсетеді;
      қызығушылықтарын анықтау бойынша диагностика жүргізеді, кәсіби бағдарлы диагностиканы талдайды;
      ерекше білім беру қажеттіліктері бар дарынды білім алушыларды, тәрбиеленушілерді психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі;
      кәсіпорындарда экскурсиялар өткізеді, әртүрлі мамандықтағы қызықты адамдармен оқушылар үшін кездесулер (әңгімелесулер) ұйымдастырады;
      кәсіби құзыреттілікті арттырады, заманауи әдістер мен технологияларды қолданады;
      белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді;
      балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;
      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.
Еңбек ақы төлеу мөлшері, шарттары белгіленген бос немесе уақытша бос лауазым атауы:  120000-130000 (еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты)
3. Кандидатқа қойылатын  біліктілік талаптар: пән бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы міндетті. Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог"  санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.
4. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 16.04 – 23.04.2025 жыл аралығында. 
Үміткер кандидаттардан келіп түскен құжаттарды, конкурстық комиссиясының құжаттарды қарау мерзімі:  2025 жылдың   16 сәуір – 23 сәуір  аралығында 
5. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: Конкурс «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға  тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы   Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің   2012 жылғы   21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №362 бұйрығының 3-тарау және  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.12.2024 № 486   бірлескен бұйрығымен) «Мемлекеттік білім беру ұйымының педагог лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібі» қағидаларына сәйкес өткізіледі.
       Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
       1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
      4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
      7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
       8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама; 
      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
      11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады;
       12) осы Қағидаларға 17, 18-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
       13) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша оқу орнынан ұсыным хат
Конкурстық құжаттар Тараз қаласы, Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназияның қабылдау бөлімінде қабылданады. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив