14
апрель
2025
"Бала қауіпсіздігі -басты назарда" тақырыбында ата-аналар жиналысы
Керімбай атындағы #12 мектеп-гимназиясында "Бала қауіпсіздігі -басты назарда" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтілді. Күн тәртібінде:
1. Бала қауіпсіздігі мен мектеп-гимназияның ішкі тәртіп мәселелері;
2. Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау фактілерін болдырмау және алдын алу, ұялы телефон қауіпі;
Осы аталған мәселелер бойынша ПБ1-ПБ ЖПҚб ЮПТ УПИ полиция аға лейтинанты Р.М.Жарылқапов, Тараз қаласы №2 пробация қызметі бөлім басшысы әділет подполковнигі Ғ.Б.Абдиразаков және Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі "Жастар ресурстар орталығы" КММ маманы Р.Е.Махамбетова, ДҚТІЖО Л.Ы. Баидаулетова ата-аналарға профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
