17
май
2024
Ата-аналар жиналысы өткізілді.
Ағымдағы жылдың 17 мамыр күні мектеп-гимназияда жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде
1.2023-2024 оқу жылын аяқтау туралы
2.Жазғы демалысты ұйымдастыру
3.Қауіпсіздік шаралары
4.Мектеп формасын жаңа оқу жылына бекіту туралы
5.Бейресми Түлектер кеші бойынша
6.Заңсыз қаражат жинауға тыйым салу және соңғы қоңырау іс-шарасы
7.Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу туралы ескерту
8.Әртүрлі мәселер
Жалпы ата-аналар жиналысын мектеп-гимназия директоры Мұрат Жарылқапұлы жүргізіп отырды.
Жалпы ата-аналар жиналысына Тараз қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Қасымбеков Бауыржан Аманбалаұлы, Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлім маманы-Садуақасов Дәурен Еркебайұлы, жедел уәкіл-Амантай Ерасыл, кәмелетке толмағандар істер жөніндегі аумақтық инспектор-Оразалиев Темірәлі Ерболұлы, учаскелік инпектор-Крымов Жәнібек қатысты. Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, ұсыныстар айтылып, шешім қабылданды. Мектеп-гимназия пихологы Жайшыбекова Жаннұр ата-аналарға "Бақытты шаңырақ-кемел болашақ" тақырыбында тренинг өткізді