13
ноябрь
2023
“Полиглот “ жобасы
Қараша айының жоспарына сәйкес Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының білім алушылары арасында “Үштілділік білім беруді жүзеге асыру шарттары” атты дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты:
Ынтымақтастық арқылы, өзін-өзі дамыту мен жетілдіруге ұмтылатын, барлық жағдайларда үш тілде коммуникативтік қызметі байланысты қызмет түрлерін жүзеге асыра алатын, бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік жағынан өзін-өзі анықтауға қабілетті көптілді , жан-жақты дамыған тұлғаны дамыту.
1. Ағылшын тілі, орыс тілдерін оқытуда бастауыш және орта буынның интеграция арқылы алмасуын қамтамасыз ету.
2. Үш тілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту;
3. Пәнге қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, пәнге деген позициясын белсендіру мақсатында барлық сыныптар арасында сыныптан тыс іс-шаралар өткізу.
4. Білімді бақылау жаңа жүйесін енгізу: сынақ, ұпай-рейтингтік, тесттік технологиялар элементтері, қоғамдық көрініс.
Жоба кезеңдері:
2023-2024 оқу жылы
Преподаватели өз тәжірибелерімен үштілділікті үйрену бойынша сұрақтарымен түрлі бейне сабақтар, шебер сабақтарды сайт және ақпараттық құралдар мен басылымдарға жіберіп, бөліседі.
Жоба қатысушылары: 5-11 сынып оқушылары мен пән мұғалімдері;
Жобаны іске асыру нәтижесінде:
Мектеп оқушылары үш тілде еркін сөйлейтіндердің және тілді үйретуді насихаттайтын еріктілердің қатарында болады.
Жобаға қатысушылардың шығармашылық жұмыстарының жинағы жарияланады.
Жауапты мұғалімдер:
Ағылшын тілі пәні мұғалімі -Керімбекова А.
Орыс тілі пәні мұғалімі- Алтынбекова А.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі- Иген С.