01
ноябрь
2023
Мектепішілік пәндер олимпиадасы
Қызығушылық, іздену, білімге құштарлық - бұл оқушыларды дарындылыққа жетелейтін бірден — бір көрсеткіш. Сапалы білім мен саналы тәрбие болған жерде әр оқушы өзіне керек білімді ала алады.
. Пәндік олимпиадалар қазіргі уақытта оқу процесінің мазмұны мен оқыту технологиясын жетілдіруге бағытталған жұмыстың болашағы бар түрлерінің бірі болып отыр. Олимпиада оқушының өзінің қандай екенін көрсете алатын, потенциалды мүмкіндіктерін ашатын әлеуметтік¬психологиялық шарттардан тұратыны белгілі. Осы мақсатта Керімбай атындағы №12 мектеп - гимназиямызда қазан айының отызы күні жылдағы ағым бойынша кезекті 5-11- сыныптар аралығында мектепішілік пәндер олимпиадасы өткізіліп, білімі мен ұшқыр ойы дараланған білім алушыларымыз қалалық кезеңге іріктелді. Әрине, ұстаздар қауымының еңбегі ерен! Алдағы уақытта дараланған білім алушыларымызға тек сәттілік пен жеңіс тілейміз!