09
сентябрь
2021
"Парасатты отбасы" байқауы жарияланды
Керімбай атындағы #12 мектеп-гимназиясында мектепішілік ,,Парасатты отбасы’’ онлайн байқауы жарияланды. Парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту, озат-ойлы, парасатты, қайырымды оқушыны қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Байқауға қатысу шарттары
1. Тараз қаласының әртүрлі қызмет саласында жұмыс атқаратын отбасылар қатыса алады.
2. Байқауға қатысушы отбасылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен азаматтық ұстанымдарына назар аударылады.
3. Мектепішілік байқауға абыройлы, парасатты және қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан, креативті, жаңашыл, қайырымды әрекетімен көзге түскен отбасылар қатыса алады.
4. Қатысушылар әлеуметтік желілерде парасаттылық туралы ойлары және адалдықты насихаттайтын материалдарды орналастыруы қажет. Оған қоса, парасаттылық, адамгершілік үлгілерін көрсететін 4-5 минуттық сапасы жоғары ролик дайындайды. Аталған роликті әлеуметтік желілерде жариялайды.
Мектепішілік байқаудан жеңімпаз болған отбасы қалалық байқауға жолдама алады.