30
октябрь
2023
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы
1 сабақ 1 сыныптың ата-аналары үшін
30 қазан күні «Отбасы - бақыт бесігі» атты тақырыбында өтілді.
Ата - аналарға педагогикалық қолдау көрсету мақсатында өтілген 1 сабаққа 1 сыныптың 43 ата – анасы қатысты.
Ата-ананың басты мақсаты - бақытты ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақ барысында төмендегідей мәселелер талқыланды:
1.Бастауыш сынып оқушыларының жас және әлеуметтік ерекшеліктері туралы түсініктерді тереңдету;
2. Отбасында қолайлы климат құру дағдыларын дамыту;
3. Баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті сезіндіру.
Ата - аналар сабақ барысында саламаттылықтың түрлеріне тоқталып, сарапшы және зерттеуші топтары құрылды. Пікірталас барысында тақырып толығымен ашылды. Видеороликтегі сюжетті көру арқылы ата-аналар өз ұсыныстарын айтты.
Кіші мектеп жасындағы балалардың физикалық , зияткерлік , эмоционалдық ерекшеліктері туралы айтылды.
Мектеп-гимназия психологтары бала бойына саламаттылықтың дағдыларын қалыптастыру жолдарын үйрету үшін тренинг өткізді, ата-аналар ұсыныстарын ортаға салды.
«Қиыршық тас жолындағы бақытты сапар» адамның бақыты туралы ойлануға арналған оқиға жайлы әңгімелестік.
Қазақстандық композитор Тимур Дорогойдың әнін фонограммамен ата - аналармен бірлесе отырып орындадық.
Ұйымдастырушылар – 1 сынып мұғалімдері.