10
октябрь
2023
Хабарландыру! Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы ашылды.
2023-2024 оқу жылында "Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы" нұсқаулық-әдістемелік хат негізінде Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясынды ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы ашылғандығын хабарлаймыз.Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы– ата-аналар қауымын, отбасын нығайтуға, отбасылық және қоғамдық тәрбие байланысына мүдделі әкімшілік және педагогикалық қызметкерлерді біріктіреді және балалардың заңды өкілдерінің құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған, білім алушыларды тәрбиелеу, дамыту және оларға білімберу мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді.Мақсаты: балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамытуМіндеттері:1) балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуда ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;2) балаларды тәрбиелеу мен дамытуда орта білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;3) балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.