23
октябрь
2023
Көркем еңбек, музыка пән бірлестігінің онкүндігі
Егер ертең шәкірттеріңе үлгілі ұстаз боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
Әзілхан Нұршайықов
Мектеп-гимназиямыздың музыка пәнінің мұғалімі Жаңбырбаев Нұрболат 5 «А» сыныбымен «Қазақ халқының музыкалық мұрасы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта қазақ халқының мерей тұтып, мақтаныш етер асыл мұрасы, рухани жәдігерліктері ішінде замана сүзгісінен өтіп, бүгінгі ұрпақтың еншісіне егжей-тегжейлі жеткен ән қазынасы қашаннан дәстүрлі өнердің қаймағы саналатыны айтылып, түрлі мысалдар келтірді. Педагог пен білім алушы дует ретінде аспапта кдоморындады. Дәстүрлі ән үлгілері ғұрыптық әндер, халық әндері, кәсіби халық композиторлары шығармалары болып, баға жетпес құндылықты құрайтыны айтылды. Білім алушылардың қызығушылығы мен белсенділігі жақсы деңгейде . Қазіргі өмірмен байланыстырылған сабақ қызықты өтті.