12
сентябрь
2023
Қазақ халқының рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қазақтың ақыны, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа емле, төте жазу, араб графикасы сынды жаңа үлгі ұсынған реформатор. Ол – қазақтың жүз жылда бір туатын ірі тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы.
Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш Орда өкіметінің мүшесі.
Тіл мерекесіне орай мектеп-гимназиямызда “Мың бала” республикалық жобасы негізінде “Мағжан Жұмабаев -заманның заңғар тұлғасы”тақырыбында мемлекеттік тілде жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Диктанттың мақсаты- Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайту.