09
ноябрь
2022
Lesson study зерттеу сабағы.
Бастауыш сынып мұғалімі Сембаева Айнур Бағланқызының №1 зерттеу сабағының жоспарын талқыладық та, талқылау барысында тағы да ұсыныстар айтылды. Осы ұсыныстарды ескеріп, қайта жоспарладық. Біз бұнда оқылым дағдысын қалыптастыруды басты назарда ұстадық.
– Осы соңғы жоспар бойынша сабақ өтілді, оқушыларға бақылау жүргізілді.
– Зерттеу сабағының оқушыларға әсерін білу үшін, бақылаудағы оқушылардан сұхбат алынды.
– №1 зерттеу сабағыны талдау жүргізілді, бақылаудағы оқушылардың іс-әрекеті талданып, сабақтың сәтті, сәтсіз тұстарын анықтадық та, сәтсіз тұстары бойынша қайта жоспарлап, зерттелетін 2-ші пән бойынша №2 зерттеу сабағының жоспарын бірлесе құрдық. Әрине, мұнда «оқушы үнін» ескеріп отырдық. Ал оқушыларды бақылауда мұғалімдердің бақылау дағдысы қалыптасқанша бір оқушыны бақылайтын екі бақылаушы болды.
Лессон Стади оқушыға саналы білім беруді көздеген, бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы деп айтсақ, артық айтпаған болар едік.
К. Ушинский: «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз жетілдіріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады» дегендей ізденісімізді тоқтатпайық.