18
апрель
2022
PISA халықаралық зерттеуі
«Жеке дарын жетілмейді, дарындар сайыса жүріп, бірін-бірі жетелейді» дегендей, білім алушылардың білім-білік дағдыларын іс жүзінде сарапқа салатын жауапты күн, әрі мереке.
Ғылым мен білімді ең басты қазынам, байлығым деп есептеп, білімнің ең биік шыңдарын бағындыруға жасаған алғашқы қадамдарыңның бірі – білім алушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың PISA халықаралық зерттеуі.
PISA - (Programme for International Student Assessment) оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы.
📌 PISA негізінде - бұл өмірде кездесетін ситуацияларды шешуге қатысты пәндік білімін, біліктілігін, дағдысын жинақтап көрсетуге бейімділігі. Бұл 15 жастағы білім алушының құзырлылығының даму деңгейін анықтауға арналған диагностикалық құрал. Бұл жаста көп елде мектептегі міндетті білім тәмамдалады.
📍 PISA халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы 15-жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстанудан білім жетістіктерін анықтауды мақсат етіп қояды. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған.
✏️ Мектеп-гимназия бойынша 15 жастағы 42 білім алушы бақтарын сынап, тест тапсырды.
РІSА халықаралық зерттеуінің ашылу салтанатына ақпараттық -талдау орталығының бас талдаушысы Баймаханбетов Мухит Абилкасымович, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім жетекшісі, облыстық үйлестіруші Шафиға Мамырхановна, Тараз қаласының білім бөлімінің әдіскері Мөлдір Ақылжанқызы қатысты.
Информациятық - талдау орталығының бас талдаушысы Баймаханбетов Мухит Абилкасымович пен мектеп-гимназия директоры Тұрысбек Мұрат Жарылқапұлы сөз сөйлеп, білім алушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
РІSА шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқудағы сауаттылық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық. Зерттеу айналым бойынша (үш жылда бір рет) жүргізіледі. Әрбір айналымда функциялық сауаттылықтың қандай да бір түріне ерекше назар аударылады. Фунционалдық сауаттылықты зерттеу барысында білім алушыларға екі сағат тест тапсыруға, 45 минут сауалнама толтыруға уақыт берілді.
Оқушылар бойындағы бейімділік пен талантын, танымдық, ізденушілік қабілеттерін зерттеу негізінде қазіргі заман талабына сай шығармашыл тұлға қалыптастыру. Біздің еліміз үшін бұл бағдарламаға қатысуға білім берудің бақылау-бағалау жүйесін реформаландырудың қажеттігін ескертетін бірқатар факторлар, атап айтар болсақ қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі негізгі себеп болды.
Бүгінгі PISA халықаралық зерттеу жобасы білім алушыларды сыни бағалау мен сындарлы ойлау моделіне жетеледі. Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім жетекшісі, облыстық үйлестіруші Шафиға Мамырхановна білім алушылардың осы жобаға қатысқандығы туралы Алғыс хатты табыстады.
2021-2022 оқу жылының PISA халықаралық зерттелуінің өтілу барысы жоғары дәрежеде ұйымдастырылғаны айтылып, ризашылығын білдірді.