14
май
2022
"Жас-ғалым-2022"
2021-2022 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес жылдағы үрдіспен ағымдағы жылдың 12 мамыр күні мектепішілік «Жас ғалым-2022» байқауы болып өтті.
Байқауға 8-11 білім алушылары қатысты.
⚡Байқаудың негізгі мақсаты: білім алушыларымыздың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру,
ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету;
Байқауға өз ұсыным, пікірлерін білдіру үшін Тараз Өңірлік университеті «Ұстаз» институнан «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Шормақова Сәулет Медеубекқызы мен «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті педагогика ғылымдарының кандидаты Минайдарова Мария Естаевна шақырылды.
Білім алушыларымыз 4 бағыт, 16 секция бойынша өз жұмыстарын қорғап, ұсынымдар мен әдістемелік көмектер алды.
Қорытынды шешімге сәйкес мазмұнды жұмыстар мен талапқа сай қорғаған білім алушыларымыз І-ІІ-ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Соңынан әділқазылар ғылыми жобаға қойылатын жалпы талаптармен таныстырып, ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.
Білім алушыларымыз бен жоба жетекшілеріне алдағы кезеңдерге сәттілік тілейміз!