14
сентябрь
2021
Ғылыми жоба
Мектеп-гимназияның жұмыс жоспарына сәйкес 4 мамыр күні 1-7 сынып білім алушылары арасында "Балғын зерттеуші", 5 мамыр күні 8-10 сынып арасында "Жас зерттеуші "мектеп-гимназияішілік ғылыми жобалар байқауы болып өтті.
Байқаудың басты мақсаты –дарынды және талантты жас ізденімпаз білім алушыларды іріктеп, қолдау көрсету.
Мектеп-гимназияішілік кезеңде барлығы 110 жоба жұмысы қаралды, 1-7 сыныптардан қатысқан білім алушылар дүниетану, жаратылыстану, экология, 8-10 сыныптардан қатысқан білім алушылар биология, география, математика, әдебиет пәндері бойынша өздерінің зерттеу жұмыстарын қорғады.
1-7 сынып білім алушыларына мектеп-гимназияның мұғалімдері әділқазы алқасының мүшелері болса, 8-10 сынып білім алушылар үшін Тараз Өңірлік Университетінің"Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к, доцент Г. Асильбекова, "Орыс филологиясы" кафедрасының меңгерушісі ф. ғ. к. доцент М. Минайдарова қазылық етті.Әділқазылар әр білім алушылардың жұмысын қарап,талдап, бағалап, өзектілігіне баса назар аударды. Жоба жазу кезіндегі ерекшеліктерге тоқталып,әдістемелік көмек көрсетті.