“ 50 жыл - алтын белес. Мектеп - мәңгі жүректе”
“ 50 жыл - алтын белес. Мектеп - мәңгі жүректе” Биылғы көктем мектеп- гимназиямыздың тарихында ерекше бір белеске айналды. 1975 жылы алтын ұясынан үлкен өмірге жолдама алған түлектеріміздің мектеппен қоштасқанына 50 жыл толып отыр. Осыған орай мектеп-гимназиямызда ардақты түлектермен әсерлі кездесу ұйымдастырылды. Бұл күні мектеп- гимназия қабырғасы мерекелік көңіл-күйге бөленіп, жас ұрпақ пен аға буынның тоғысу алаңына айналды. Алтын ұядан жарты ғасыр бұрын тұлеп ұшқан түлектердің