02
февраль
2018
Мектеп-гимназия директорының І жарты жылдық есебі
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының І жарты жылдығында атқарылған жұмыстарының қорытынды есебі
Мақсаты: мектептегі оқу-тәрбие жұмысын оңтайлы жүргізу мақсатында ата-анамен ынтымақтастық қарым-қатынас орнату және І жарты жылдықта атқарылған іс-шаралар туралы есеп беру.
Кіріспе сөз
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназия директорының
2017-2018 оқу жылының І жарты жылдығында атқарылған жұмыстарының қорытынды есебі
Тәуелсіз елдің негізгі тірегі - білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды.
Мемлекет болашағының кепілі- жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген.
Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты- білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Бұл тұрғыда ел Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылуы туралы міндет қойғаны мәлім. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.
2017-2018 оқу жылында Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында 1676 оқушы білім алуда. Жалпы мектеп бойынша 63 сынып комплектісі бар. Оқушылардың І жарты жылдықта көрсеткен білім сапасы І тоқсанда 40% болса, ІІ тоқсанда 48% көрсетті.
Өздеріңізге белгілі 2017-2018 оқу жылында 1,2,5,7 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұнына көшіп, 5 күндік оқу күніне көшіріліп, жаңаша талаптармен білім алуда. Білім беру мазмұнын жаңарту дегеніміз не? Білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін, Қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіру және баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
Білім алушыларды жаңартылған мазмұнда оқытудағы басты мақсаты - алынған білім мен дағдыларын кез келген жағдайда, өмірлік практикада қолдана алуы. Мектеп-гимназиямызда осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мен жүргізу жолында мектеп педагогтарының еңбегі зор. Қазіргі таңда 52 мұғалім жаңартылған білім беру мазмұны бойынша, 2 оқу ісінің меңгерушісі критериалды бағалау жүйесі бойынша үйлестіруші курсын аяқтап, 20 мұғалім Кембридж технологиясы бойынша оқытудың деңгейлік курстарын және 3 мұғалім жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытуға бейінделіп, В1, В2 деңгейінде ағылшын тілін меңгеріп, информатика, химия, физика, биология пәндерінде терминдерді ағылшын тілінде қолдану арқылы сабақтар өтуде.
Қазіргі таңда жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытылатын сыныптарда критериалды бағалау жүйесі енгізіліп, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер тарапынан қарқынды жұмыстар жүргізілуде.
Критериалды бағалауды енгізудегі басты мақсаты:
Мектепте оқыту сапасын жоғарлату және мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критериалды бағалаудың маңыздылығын жан-жақты қарастыруға болады.
Мысалы оқушылар үшін:
• Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
• Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;
• Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;
• Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге
Ата-аналар үшін:
• Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;
• Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;
• Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.
2017 жылдың 3 сәуірінде елбасымыз Н.Ә.Назарбаев үшінші жаңғыру басталғанын жариялап, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жолдады. Осы бағытта оқушыларға түсінік беру мен Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында мектеп-гимназиямызда 1-11 сынып аралығында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру » тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өтіп, арнайы бұрыштар ұйымдастырылды. Елбасының бағдарламалық мақаласын насихаттау мақсатында мектеп-гимназияның дәлізінде «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бұрышы жасақталып, теледидар орнатылып, арнайы тақырыптық видеороликтер көрсетілімі ұйымдастырылды. Осы игі бастаманың жалғасы ретінде мереке күндерінің тақырыптық видеолары мен мектеп-гимназияда өтіп жатқан іс-шаралар туралы презентациялар көрсетіліп тұрады. «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» мақаласында еліміздің дамуында ерекше орын алатын, рухани дүниеміздің түгенделуіне, саналы ұрпақ, сапалы болашақ қалыптастыруда ерекше маңызды алты түрлі басымдықты атап көрсеткен болатын. Сол алты басымдық бүгінде алты түрлі бағдарлама болып, «Рухани жаңғыру» аясында еліміз бойынша қолға алынып отыр.
Соның бірі - «100 жаңа оқулық» жобасы. Елбасы әлемдік тәжірибеде, әлемдік дамуда елдік руханияттың қалыптасуында ықпал етіп, санаға өзгеріс әкелетін 100 оқулықты қазақ тіліне аударуға ерекше назар аударған болатын. «100 жаңа оқулық» акциясы қыркүйек айында мектеп-гимназиямызда ұйымдастырылды. Акцияға қала мектептерінің кітапхана меңгерушілері, қалалық, облыстық білім бөлімінің әдіскерлері, мектеп оқушылары қатыстырылып, мектебіміздің 2 және 4 сынып оқушыларына мектеп-гимназия кітапханасынан 100 жаңа оқулық сыйға тартылды. Іс-шара мектеп-гимназия оқушыларының концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Жаңа уақыт талаптарына жауап бере алатын, кәсіби білікті, бәсекеге
барынша қабілетті мамандарды даярлап, олардың бойында Қазақстандық патриотимзді , төзімділікті, жоғары адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, үйлесімді дамыған жауапты тұлғаны қалыптастыру және ғылымға, өнерге, мәдениетке деген құштарлықтарын оята білу – мектепшілік үйірмелердің басты мақсаты. Мектебімізде осындай мақсатта, әр түрлі бағыттағы 30 үйірме жұмыс жасайды. Жалпы мектеп бойынша 1200 бала үйірмемен қамтылған, оның ішінде 720 оқушы мектепшілік үйірмеге қатысып, мәдениет, спорт, қолөнер және көркемсөз бағыттары бойынша жоғары жетістіктер көрсетіп, мектептің дамуына өз үлестерін қосуда. Осы оқушыларды облыс, республика көлемінде өтіп жатқан байқауларға қатыстыру барысында ата-аналар мен жетекшілерінің еңбегі зор. Мектеп-гимназия ұжымының атынан сіздерге қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс білдіреміз.
Мектебімізде белсенді жұмыс атқарып жүрген үйірмелердің бірі «Наркескен» домбыра ансамблі. Қалалық, облыстық, республикалық байқаулырдың жеңімпазы, «Құс жолы» балалар өнер байқауының бас жүлде иегерлері «Наркескен» домбыра ансамблінің орындауындағы «Сал күрең» күйін ұсынамыз. Жетекшісі: Құрманәлі Гүлзипа Қоғамқызы.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтардың білімімен өлшенеді» деп айтқан болатын. Осыған орай 2017-2018 оқу жылында мектеп-гимназиямыздың дарынды оқушылары мектеп жетістіктеріне өз үлестерін қосып, мәртебесін асқақтатты. Жыл сайын өткізілетін ғылыми жобалар байқауы мектептің мәртебесін көтерудегі басты көрсеткіш болып табылады. Балаларды тек ізденімпаздық пен ғылымға ғана баулып қоймай, мектеп түлектерінің мемлекеттік грант иегері атануға да мүмкіншілік беретін жобалар байқауында оқушыларымыз биылғы оқу жылында жақсы нәтиже көрсетті. Қалалық ғылыми жобалар байқауына 11 жоба қатыстырылып, 4 оқушы жүлделі орындармен және 2 оқушы «Алғыс хатпен»марапатталды.
І орын 11 сынып оқушысы Өсер Сымбат, Жер және космос секциясы бойынша қатысты, жетекшісі Қабылова Нұрсұлу Талқанбайқызы.
ІІ орын 8 сынып оқушысы Бейсембеков Батырхан, физика секциясы, жетекшісі Қабылова Нұрсұлу Талқанбайқызы.
ІІІ орын 11 сынып оқушысы Имашева Әйгерім, математика секциясы, жетекшісі Курбонова Рабиға Шамшидинқызы.
ІІІ орын 10 сынып оқушысы Шухратов Алина, тілі білімі секциясы, жетекшісі Нурадилова Калиман Касабекқызы.
Алғыс хатпен марапатталған 9 сынып оқушысы Ермағамбетова Диана, ғылыми жетекшісі Ойтаева Майра Қарсақбайқызы және 10 сынып оқушысы Байдашева Алуа ғылыми жетекшісі Енсебек Мадина Жарасқызы.
Облыстық ІІІ кезеңге 4 оқушы қатысты. Олар Өсер Сымбат, Бейсембеков Батырхан, Имашева Әйгерім мен Шухратова Алина. Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша 11 сынып оқушысы Өсер Сымбат пен 8 сынып оқушысы Бейсембеков Батырхан Республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысуға жолдама алды. Республикалық кезеңнің тестілеу сатысынан екі оқушымыз да жоғары нәтиже көрсетіп, ақпан айында Республикамыздың басқа облыстарына өз ғылыми жобаларын қорғауға аттанады. Осы оқушыларымызға алда күтіп тұрған сынақтан сәтті өтіп, жеңіспен оралуын тілейміз.
2016-2017 оқу жылымен салыстырған бұл оқу жылының көрсеткіші жоғары нәтижелерді көрсетіп тұр. Былтырғы оқу жылында 1 оқушы ғана облыс көлемінде ІІІ орын иеленсе, бұл жылы екі оқушы жүлдегер атанып, республикалық кезеңде бақ сынайды. Мектептің ішкі жоспарына сай келесі оқу жылында ғылыми жобаға қатысатын оқушылардың санын арттыру қолға алынып отыр. Қазіргі таңда мектеп-гимназия ұжымы бойынша ғылыми жоба жұмыстары байқауына қатысуға сұраныстар қабылдау жүргізілуде. Жоспар бойынша мектеп ішінде 120 жобаны қарап, 80 ғылыми жобаны қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық көлемде ұйымдастырылған жобалар байқауына қатыстыру жоспарланып отыр.
Қалалық білім бөлімімен дәстүрлі өткізіліп тұратын 3-8 сынып оқушыларының арасында «Зерде» шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстары байқауына мектеп-гимназиямыздан 7 сынып оқушысы Райбек Диас қатысып, ІІ орынды иеленді. ІІІ орынды 7 сынып оқушысы Келдибекова Салтанат иеленді. Ғылыми жетекшілері Қуатова Ұлжан Аманбайқызы мен Тұрсынбай Динара Бақтиярқызы.
Елбасының «Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман» деп айтқанындай, мектебіміздің тағы бір топ жас математиктері Алматы қаласында өткен «Халық Қаһарманы», қазақтың алғашқы ұшқыш қызы Хиуаз Доспанова атындағы Республикалық физика-математикалық турнирге қатысып, жеңіспен оралды. Математика пәнінің мұғалімі Қарабаева Гульмира Лесбекқызы мен Примкулова Айша Тұрсынқызының тынымсыз еңбектенуінің арқасында 8 сынып оқушылары Бейсембек Абзал, Бейсембеков Батырхан, Ашинова Диана, 7 сынып оқушысы Құлибай Аяулым, 6 сынып оқушысы Қадырғұл Досжан жүлделі І,ІІ,ІІІ орын жеңімпаздары атанды.
Мектебімізде балаларымыздың өнерге деген қызығушылығын дамыту мен шығармашылығын шыңдау мақсатында жұмыс жасайтын «Айгөлек» ән-вокал үйірмесі ұйымдастырылған. Осы үйірмеде жұмыс жасап, елеулі еңбек атқарып жүрген Аманбаева Жанар Оралбекқызының 2 сынып оқушысы Мейірбек Әділет «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты республикалық байқауында ІІІ орын иеленіп, мектеп мақтанышына айналды. Олай болса жоғарыда аталған жеңімпаздарымыз бен олардың жетекшілеріне Мейірбек Әділеттің орындауындағы «Қазақстан» әнін тарту етеміз.
Болашақ - білімді жастар қолында демекші, мектеп мәртебесінің негізгі көрсеткіші болып табылатын пән олимпиадасы бойынша да оқушыларымыз жоғары көрсеткіш көрсетті.
- 11 сыныптар бойынша математика пәнінен Мавленбердиев Дархан І орын
- география пәнінен Имашева Айгерім ІІ орын
- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Аманкелдиева Аружан ІІ орын,
- Адам, қоғам, құқық пәні бойынша Қалдыбекова Диана ІІІ орын
- 10 сынып оқушысы Сатқожаева Эльвира физика пәнінен ІІІ орын иеленді
- 9 сыныптар бойынша орыс тілінен Нұрхан Толғанай ІІ орын
- қазақ тілінен Жұмағали Аруна ІІ орын
- Адам, қоғам және құқық пәнінен Бауыржан Алия ІІІ орын иеленді.
Осы оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындаған пән мұғалімдері Нүсіпалиева Гүлзат Карсонқызы, Мадешова Гүлжан Әшірқызы, Қуатбекова Қарлығаш Ақбергенқызы, Джуманбаева Ляззат Азибайқызы, Ойтаева Майра Қарсақбайқызы, Манасова Кенже Қойшықызы, Шартықбаева Гауһар Кеулімжайқызы мен Қабылова Нұрсұлу Талқанбайқызына шығармашылық табыс тілейміз.
Қалалық кезеңде І,ІІ орын иеленген оқушылар облыстық кезеңге қатысты. Облыстық кезеңнің нәтижесі бойынша 11 сынып оқушысы Имашева Айгерім мен 9 сынып оқушысы Нұрхан Толғанай ІІІ орындарды иеленді. Қалалық, облыстық олимпиадада өз білімімен топ жарған оқушыларымыз бен пән мұғалімдеріне мектеп-гимназия әкімшілігі мен ата-аналардың атынан алғыс айтамыз.
2016-2017 оқу жылымен салыстыратын болсақ, қалалық олимпиададан 3 оқушы жүлделі орындармен марапатталып, 1 оқушы облыстық пән олимпиадасынан ІІІ орын иеленген болатын, ал осы оқу жылында 8 оқушы жүлделі орын иеленіп, облыстық кезеңде екі оқушы жеңімпаз атанды. Осы оқу жылындағы мұғалімдеріміздің еңбегі мен оқушыларымыздың талпынысы мақтауға тұрарлық.
Кез келген бастаманың қалай жасалатындығына емес, нәтижесіне көп мән береді. Мұны Елбасы сөзімен былай жеткізуге болады: «Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді». Прагматик тұлға үйренуден жалықпайды, зейін-түйсігін тәрбиелеумен болады. Кез келген істі ақылға салып, ұтымды жолын ойластырады.
Дәл осы сияқты біздің де қолөнершілеріміз қолда бар нәрсені ұтымды пайдаланып, ұлттық салт-дәстүріміз бен мәдениетімізден сыр шертетін дүниелерді өз қолдарымен жасауда. Сейтбаева Гүлбахрам Байкұттықызы, Иманбекова Сағынкүл Ақбарқызы және Айдарбекова Айгүл Мұратқызының жетекшілігімен жүргізіліп жүрген «Шебер қолдар» үйірмесі жылдан-жылға жоғары нәтижелер көрсетуде. «Шашу» республикалық өнер фестивалінде Түгелбай Арайлым, Сурауханова Диана, Нұрланқызы Аяулым, Саден Нұрсұлу жүлделі ІІ, ІІІ орындарды иеленді, 7 сынып оқушысы Бейсембек Елжан І орын, жетекшісі Ниязкулов Ербол. 9 сынып оқушысы Асылбек Мерей ІІ орын, жетекшісі Тоқсанбаева Биғайша. «Жастар жаққан жұлдыз» республикалық байқауда қол өнер номинациясы бойынша Ядгарова Дона, Сабирова Сафия, «Я могу» халықаралық байқауында Ағаділ Әділ, Байғұл Ерлан, Әбдікерім Алуа жүлделі І,ІІ,ІІІ орындарды иеленді, жетекшісі Айдарбекова Айгүл.
Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, қозғалыс икемділігін, серпінді үйлестіруді, күш, төзімділік қасиеттерін дамыту және әдептілік, мәдени мінез-құлық, моральдық және коммуникативтік тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында «Хореография» үйірмесі жүргізіледі. Үйірмені мектеп-гимназия хореографы Мағлұмбекқызы Фарида жүргізеді. «Балауса» би ансамблі Х Республикалық «Ғұмырдария» балалар мен жасөспірімдер арасындағы ән-би байқауына қатысып, бас жүлдені иеленді. Мектеп-гимназиямыздың мақтаныштары құрметіне «Балауса» би ансамблінің «Джайв» биін қабыл алыңыздар.
Эссе, шығарма, ақындар өлеңдерінен көркемсөз байқаулары оқушылардың сыни ойлау, өз ойын жеткізу және ақындық қабілеттерін қалыптастыруда қосар үлесі мол.
- Республикалық Тұманбай Молдағалиев ән-жырларын оқудан көркем сөз номинациясы бойынша 5 сынып оқушылары Жаңбырбай Айгерім ІІ орын, Қуанышбек Гүлназ ІІІ орын иеленді. Жетекшілері Қапарова Қарлығаш Рахымжанқызы.
- Республикалық «Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз» атты шығарма байқауына Дүйсеналиев Қуаныш, Нұржанұлы Манкенәлі Азатова Зере, Бейсембек Батырхан қатысып, жүлделі ІІ, ІІІ орындарды иеленді.
- «Логос» І республикалық «Менің борышым» эссе байқауында Ашинова Диана І дәрежелі дипломмен марапатталды. Пән мұғалімі Қуатова Ұлжан Аманбайқызы.
- «Тәуелсіздік- тірегім» эссе, мақала байқауында І дәрежелі дипломмен Жақсылық Данияр
- ІІ дәрежелі дипломмен Ғаниқызы Наргиза марапатталды.
- «Туған жерге туыңды тік» мәнерлеп оқу байқауында Жақсылық Данияр І орын иеленсе,
- «ЭКСПО - 2017» жас өлкетанушы облыстық байқауында Ғаниқызы Наргиза ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі Данбаева Сара Алмурзахқызы.
- Қалалық «Юный филолог» байқауында Сатқожаева Эльвира ІІ орынды иеленді, жетекшісі Ақылбаева Ботагөз Маратқызы.
- «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» Республикалық Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндерден балалар мен жасөспірімдер байқауында «Көркем сөз» номинациясы бойынша Нұрбаев Берік пен Әділ Алуа жүлделі ІІ орындарды иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шалдыбаева Гүлзейнеп Бахтиярқызы.
Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында мектеп-гимназия тарихы тағы бір ерекше оқиғамен толықты. Сыңғырлаған қоңырау үні күмбірлеген күй үнімен алмасты. Осы игі бастаманың алғашқы болып тетігін басу үшін Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Мубарак Қасымқызы Жинақбаева келіп, мектеп-гимназия ұжымын, оқушыларды тәуелсіздік күнімен құттықтап, дарынды оқушылармен кездесті. Кездесу кезінде мектеп-гимназия ұжымына шығармашылық табыс, оқушыларына оқуда жетістік пен жарқын болашақ тіледі. Бұл іс-шара қазіргі кездегі ақпараттық технологияның дамуының шарықтау кезеңінің келіп жеткендігінің бірден-бір дәлелі. Арнайы тапсырыспен алынған құрылғы тек қоңырау беру үшін ғана емес, балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мен қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасатуға да септігін тигізді. 7-10 сынып оқушыларының арасынан арнайы топ құрылып, алғашқы кезеңде аптасына 1 рет қоңырау арасында флэшмоб ұйымдастырылды. Бұл құрылғының тағы бір үлесі, мектеп ішіндегі құттықтаулар мен хабарландыруларды арнайы спикер арқылы хабарлап, жұмысты жеделдетуге мүмкіншілік берді.
ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Барлық сала компьютерлендіріле бастады. Мектеп-гимназия ұжымы да осы игі бастаманы қолға алып, мектеп дәлізінде цифрлы жүгіртпе жол орнатты. Ескілікте артта қалдырып, біз қазіргі таңда қажетті мәліметтер мен мұғалімдердің жетістіктерін, оқушылардың көрсеткен нәтижелерін жүгіртпе жол арқылы хабардар етіп отырамыз.
Осы жылдың елеулі жаңалықтарының бірі электронды журналдың жүргізілуі. Электронды журнал жаңартылған білім беру мазмұнындағы 1,2,5,7 сыныптарда оқитын оқушылардың оқу жетістіктерін ғаламторға жүктеп, ата-аналарға бағаларын көріп, баланың күнделікті сабаққа қатысуы мен жетістігін бақылауға мүмкіндік берді. Біздің мектепте де электронды журнал жүргізіліп, күнделікті оқушы жетістігі жүктелуде.
Бауыржан Момышұлының «Техника қаншама дамып жетілгенмен, ойлайтын, парасатты адамның орнын ауыстыра алмайды» - деп айтқанындай, біздің білімді, алғыр, парасатты, шығармашыл оқушыларымыз – мектебіміздің алтын қазынасы.
Ян Амос Коменский «Кітап — ақылды қуаттандыратын құрал» деп айтқанындай, қазан айында мектеп-гимназиямызда балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, Жамбыл облысынан шыққан ақындармен таныстырып, олардың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру мақсатында «Кітап – таусылмайтын асыл қазына» тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті.
Бұл іс-шараға «Ақ жол» газетінің тілшісі, ақын, жазушы, айтыскер Есет Жаңабайұлы Досалы, ҚР «Үздік педагог» төсбелгісінің иегері, ұстаз-ақын, Абай атындағы №26 орта мектебінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, жас айтыскер ақын, бірнеше жас ақындар айтысының жүлдегері, Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының түлегі Апбасов Дидар Оңғарбайұлы қатысты. Бұл іс-шарада мектеп оқушылары осы ақындардың шығармаларынан үзінділер мен өлеңдер оқып, арнау өлеңдерін арнады. Іс-шара барысында келген қонақтар, өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушыларды кітаптар мен әдеби шығармаларды көптеп оқуға шақырды.
2017-2018 оқу жылында мектеп-гимназия Тараз Мемлекеттік Университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасымен келісім шартқа тұрды. Осы келісім шарт аясында тәуелсіздік күніне орай университеттің «Әртістік шеберлік» мамандығы бойынша оқып жатқан білімгерлерАсқар Сейілханның «Адасқандар» спектаклінен үзінді көрсетті және факультет мамандары үйірме жұмыстарын жүргізу мен дұрыс ұйымдастыру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Жоғары оқу орнының білімгерлеріне тәнті болған мектеп оқушыларының білімге, өнерге деген қызығушылығы арта түсті.
Мектеп-гимназияда оқушылардың көркем сөз оқуға дағдыландыру, сахналық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Парманкулова Гүлзира Мухидинқызының жетекшілігімен «Ақ шағала» драма үйірмесі жұмыс жасайды. Үйірмеге қатысатын оқушылар қалалық, облыстық, республикалық байқауларға қытысып, жүлделі орындар иеленді. Мектеп мәртебесін көтеруде өз өнері мен білімін дәлелдей білген жас дарындарымыз бен олардың жетекшілерінің құрметіне осы үйірменің жас дарындары Еркінұлы Ғанидің «Ғасыр дерті» монологын, мәнерлеп оқу байқауларының жеңімпаздары Советалы Арай мен Бегалы Әлібектің «Сол сенбедің?» өлеңін және көптеген авторлық өлеңдерімен танылып жүрген оқушымыз Сейсенбаева Айкеннің авторлық өлеңін қабыл алыңыздар.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы қабылданып , ҚР нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2017 жылғы 29 тамыздағы № 15584 тіркелген « Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ережесіне негізге ала отырып, 2017 жылдың қыркүйек айында «Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының қамқоршылық кеңесі ашылды». Қамқоршылық кеңесі мектепке оқыту және тәрбие жұмысында, материалды-техникалық қамтамасыз етуді және оқу-тәрбие мен инновациялық үрдісті жақсартуға септігін тигізуге құрылған.
Қамқоршылық кенестің міндеттері:
- білім жүйесінде оқыту мен тәрбие үрдісінде практикалық көмек көрсету;
- оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер арасында біріккен жұмыста жайлы жағдай жасау;
- оқушылардың шығармашылық, интеллектуалдық және рухани қабілеттерін арттыруға жағдай жасау;
- оқу-тәрбие үрдісінің жұмысын жақсартуды қамтамасыз ету;
- материалды-техникалық қамтамасыз етуді нығайту;
Қамқоршылық кеңесі өз қалауымен, тең құқылы, заңды, ашықтықта еркіндік ұғымымен жұмыс істейді.
Ережеге сәйкес мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшелері ұсынылды. Қазіргі таңда қамқоршылық кеңестің есеп шотын ашу бойынша қосымша жұмыстар жүргізілуде.
«Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар; ең әуелі – ниет керек, одан соң – күш керек, одан соң – тәртіп керек »- деп Мұхтар Әуезов айқандай мектеп-гимназияда жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу күн тәртібінен түспейтін мәселе. Оқу жылының басында кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алдын-алу мақсатында 5-10 сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықтың және ақша жинау, бопсалау,күш көрсету фактісін анықтау мақсатында социологиялық жасырын сауалнама алынды. Сауалнамалар қорытындылары бойынша ақша жинау фактісі анықталған жоқ. Жаңа оқу жылы басынан қымбат,бағалы ұялы телефон,смартфон ұстап келмеу туралы мектепішілік бұйрық шығарылды.Бұйрықты басшылыққа алып 10 күн сайын ұялы телефонға байланысты рейд жүргізіледі.Рейд барысында табылған ұялы телефондарды тек ата-аналарын шақырып, қолхат арқылы қайтарылып берілді.Оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жеке-жеке қол қойылды.Осыған қарамастан жасырын ұялы телефон ұстап келушілер кездеседі. «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндег мемлекеттік бағдарламаны» іске асыру мақсатында мектеп гимназия оқушылары арасында жастардың діни сауаттылығын көтеру, қоғамда орын алып отырған діни ағымдар мен бағыттардың ара жігін ажыратып, экстремизмнің алдын алуға бағытталған «Жастар арасында діни экстремизм мен діни ағымдардың қоғамға келтіретін зардаптары», «Дін және оның бағыттары», «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу», «Діндегі радикалды бағыттар және олардың қаупі» тақырыптарында кездесулер, «дөңгелек үстел» отырыстары өткізілді. Дін істері басқармасының дін проблемаларын зерттеу орталығы тарапынан ұсынылған «Өмірзая» фильмдері мен «Қауырт желі-114», «Қауырт желі 51-50-20», «Такфіршілдік», «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ», «Ата-баба дәстүрін ұмытпа», «Әке мен бала» тақырыптарына бейнероликтер көрсетілді.
Қоғамдық орындарда қалта ұрлығы қылмысының көбеюіне байланысты және тұрғындар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстық іс әрекеттердің алдын алу мақсатында «Абайла!», « Қалта ұрлығы...», «Түнгі қала» атты акциясы аясында және кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Тараз қаласы мен аудандардағы ішкі істер органдары қызметкерлерімен бірлескен рейдтер жүргізіліп тұрады. Жұма күндері орталық «Һибатулла Тарази» мешітіне жасөспірімдерді бақылау және анықтау мақсатында рейдтер ұйымдастырылған. Мереке күндері, жай күндері мектебімізге қарасты шағын аудандағы көшелермен, мәдени орталықтарға, түнгі клубтар, компьютерлік клубтар, интернет клубтар рейдтер жүргізіліп отырды.
Мектеп-гимназия директорының құқық ісі жөніндегі орынбасары Сейдуалиев Данияр Мырзагелдіұлының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы барысында оқуға қамтылмаған, панасыз, қараусыз, әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен, көмек қажет ететін мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау мақсатында мектеп жасындағы жасөспірімдерді «Жалпыға бірдей міндетті орта біліммен қамтамасыз ету» акциясы Қ.Р білім және ғылым министрлігінің 4.12.1997жылғы №463 бұйрығының негізінде 15.08-15.09.2017 ж. аралығында ұйымдастырылды. Шағын аудан бойынша 44 үлеске жауапты мұғалімдер бұйрықпен бекітілді.Жалпы көше аралауға 46 мұғалім қамтылды.
Барлық бала саны – 1254 бала
Үйде отырғандары - 226 бала
Бала бақшада – 168 бала
Мүмкіндігі шектеулі – 2 бала
Басқа мектепте оқитыны - 463 бала
Жоғарғы оқу ,арнаулы орта оқу орнында-20 тәлімгер.
Жеке мектепте-14 оқушы.
КТЛ-12 оқушы.
Жетім балалар жоқ
Шағын аудандағы барлық бала туу туралы куәлікпен қамтылған.
Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, интеллектуалды ойлауын дамыту мақсатында воллейбол, баскетбол, футбол, тоғызқұмалақ үйірмелері жұмыс жасайды. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының» ұйымдастыруымен өткен мектеп оқушылары арасында кіші футболдан өткен облыстық турнирге қатысқан Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназия командасы ІІІ орынды иеленді. Ойыншылар жетекшісі Шекеев Айдын мен Қорғанбаев Азаматтың тәлімгерлігінің арқасында үздік ойын көрсетіп, турнир кубогымен де марапатталды.
Мектебімізде көркем гимнастикамен айналысатын оқушылар да бар. Олар Республикалық деңгейдегі байқаулардың жеңімпазы атанып жүр. Қазіргі таңда олар мектепте өтіп жатқан іс-шараларда да өз өнерлерін көрсетіп. Қошеметке бөленіп жүрген оқушылар.
Олай болса Аргон Ақшуақ пен Кимашева Айзеренің өнерін тамашалайық.
ҰБТ мектептің бір жылдық еңбегінің жемісі және мектеп рейтингін көрсететін негізгі көрсеткіш. Егер балаларыңыз жоғары ұпай алып, жетістікке жетіп жатса сіздер үшін ол бір қуаныш, ал біз үшін түлектеріміздің жоғары нәтижесі мың қуаныш. Сондықтан ҰБТ-ден жоғары нәтижеге қол жеткізіп, мектеп мәртебесін асқақтату біздің басты мақсатымыз.
Осы мақсатымызға қол жеткізуде «Алтын белгі» үміткерлерінің үлесі зор. Биылғы оқу жылында 3 оқушы «Алтын белгіге» үміткерлікке ұсынылды. Олар 11 «А» сынып оқушысы Амангелдиева Аружан, 11 «Ә» сынып оқушылары Әбілова Ұлдана мен Өсер Сымбат. Қазіргі сынама тесттерден көрсеткен жоғары нәтижелерін сараптай келе, ҰБТ де жоғары көрсеткіш көрсетеді деген сенімдеміз.
2017-2018 оқу жылында 11 сыныптар бойынша жалпы 64 оқушы бар, оның 58-і ҰБТ қатысады деп жоспарлап отырмыз. Оқу жылының басынан қаңтар айына дейін 15 сынақ тесті алынды, пән мұғалімдерінің және қосымша оқыту орталықтарының сабақтарының нәтижесінде 11 сынып оқушыларының орта баллы төмендегідей көрсеткіш көрсетті:
№1 тест – 48
№2 тест – 48,9
№3 тест – 55
№4 тест – 55,5
№5 тест – 48
№6 тест – 64,7
№7 тест - 63
№8 тест – 68,8
№9 тест – 72
№10 тест – 68
№11 тест – 79
№12 тест – 83
№13 тест – 87
№14 тест – 90
№15 тест – 92
«Біздің ертеңгі жоспарымыздың орындалуына жалғыз кедергі бар, - ол бүгінгі күмәніміз», бірақ осы күмәнді жою үшін, көздеген мақсатымызға қол жеткізу үшін,құрметті ата-аналар сіздердің қолдауларыңыз қажет.
Мектебімізде Қасқаева Дана Серікқызының жетекшілігімен хор ұйымдастырылған. Мектебімізде өткізіліп жатқан іс-шаралардың барлығына белсене қатысып, қалалық, облыстық, республикалық байқауларда топ жарып жүрген хордың орындауындағы «Қазақстан Отаным менің» әнін болашақ түлектерімізге арнаймыз.
«Тәрбие отбасынан басталады демекші», 2018 жылдың басынан мектеп-гимназия ұжымы тамаша бастаманы қолға алды. Ол өздеріңізге белгілі, сыныптағы тәрбие сағаттарын ата- аналардың өтуі. Бұл іс-шараның басты мақсаты мектеп пен ата-ана арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнатып, бала тәрбиелеуде бірлесе ат салысу. Осы уақытқа дейін қаланың мектептерінің бірінде болмаған жаңалықты енгізіп, біз - мұғалімдер және ата-аналар бала тәрбиесінде мектеппен тығыз байланыс жасаудың маңызды екендігіне көз жеткіздік. Осы іс-шараға қатысып, тәрбие сағаттарын өткен және осы уақытқа дейін мектеп-гимназиямыздың дамуы мен өркендеуіне үлес қосқан жанашыр ата-аналарымызға алғысымыз шексіз.
Олай болса, «Балауса» бишілер ансамблінің орындауындағы «Шаттық» биін бүгінгі жиналысқа қатысып, ат салысқан қонақтарымызға арнаймыз.
«Ешқашан да үлкен қиыншылықтарсыз үлкен істер болмайды» демекші, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлесе, ынтымақтастықта жұмыс жасасақ, біз ала алмайтын қамал болмас.