Жетістіктеріміз » СШ №12
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№12 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жетістіктеріміз
02
февраль
2022

Жетістіктеріміз

Ұлттың ұлылығын ұлықтаған дана Абайдың шығармашылық мұрасын бүгінгі күн тұрғысынан жаңаша дамытып, болашаққа сай алтындай құнды күйінде жеткізуді мақсат-мұраты етіп ұстанған Республикалық “Абайтану”  олимпиадасының облыстық кезеңі  2022 жылдың қаңтар айының  2  жұлдызында 9-11-сынып оқушылары арасында өтті.
     Ұлы ақынның бай мұрасын жас ұрпақ санасына терең әрі жан-жақты сіңіріп, өнеге мен тәрбиенің алтын қазығына айналдыруды көздеген олимпиаданың негізгі мақсаты: М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын толық меңгеру арқылы кемеңгердің ақындық болмысына үңілуге, Абайдың шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдана алуға бағыттау, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
         Облыс көлемінде өткен білім жарысының қатысушысы мектеп –гимназиямыздың 10 сынып білім алушысы Абдуғали Асылжан  олимпиада барысында Ұлы ақынның мол мұрасымен сусындап, Абай қарасөздерінің тәрбиелік-тағылымдық маңызын меңгеріп,  Абайтанушылар туралы білімдерін тереңдетіп, Абай мұрасын насихаттауға өз үлесін қосып «Бас жүлдені» иеленіп, республикаға жолдама алды.  Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, шебер-педагог Гүлзейнеп Бақтиярқызы. Алдағы үлкен додадан  жеңіспен келулеріңізге тілектеспіз!  Сәттілік  Асылжан!