12
октябрь
2021
Тиімді әдіс-тәсілдер-сапалы сабақ кепілі
Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу білім алушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады. Пәндерді оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызғылықты да тартымды өткізу педагогтың шеберлігіне байланысты екені баршамызға мәлім. Жаңару бүгінгі білім беру кеңістігінде ауадай қажет педагогтың қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылығы екенін ескеріп, мектеп-гимназиямыздағы жас мамандарға «Тиімді әдіс-тәсілдер-сапалы сабақ кепілі» тақырыбында «Өзгеріс енгізу » тобының жетекшісі Гүлзат Карсонқызы оқыту семинарын өткізді. Жас мамандарымыз семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс берді.