27
май
2020
2020 жылы 1 сыныпқа қабылдау тәртібі
Биылғы жаңа 2020-2021 оқу жылында бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндердің ата-аналарының мектепте оқыту бойынша өтініштерін қабылдау eduschool.kz порталы арқылы электронды қабылданады.
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:
• Баланың ата-анасынан немесе заңды өкілдерінен өтініш (https://eduschool.kz сайтында); • Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
• “Бала денсаулығы паспорты” денсаулық жағдайы туралы құжат;
• 3×4 көлеміндегі 2 дана сурет.
Құжаттар ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 30 тамызы аралығында сағат 9-00 бастап eduschool.kz сайтында қабылданады!