28
август
2024
Саммит 2024
Тараз қалалық білім бөлімінің «Бақытты болашақ» Оқушылар сарайының базасында мектеп-гимназия педагогтерінің ТАМЫЗ САММИТІ өткізілді.
Саммиттің негізгі мақсаты:
«Педагогтердің мотивациялық сферасын дамыту арқылы негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру, оқу-тәрбие үдерісін жетілдірудің заманауи аспектілерін талқылау»
ТАМЫЗ САММИТІНІҢ ашылуында мектеп-гимназия директоры МҰРАТ ЖАРЫЛҚАПҰЛЫ сөз сөйлеп, САММИТ барысында баяндама жасайтын және іс-тәжірибесімен бөлісетін педагогтерді таныстырылым жасады.
САММИТ-тің негізгі тақырыптары:
- «Цифрлы технологиялар» .
- «Жасанды интеллект».
- «Құндылыққа негізделген білім».
САММИТ-тің «Тәжірибе алмасу алаңында» баяндама жасаған спикерлер:
Шартыкбаева Жанат Кеулимжаевна –педагог-зерттеуші, география пәні мұғалімі
Қонысбек Жансая Садуақасқызы – педагог-зерттеуші, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Шартыкбаева Гаухар Кеулимжаевна – педагог-шебер, тарих пәні мұғалімі
Сейдуанова Света Тынысбековна – педагог-зерттеуші, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Курбонова Рабиға Шамшиддиновна - педагог-шебер, математика пәні мұғалімі.
САММИТ барысында баяндалған тақырыптар:
- 2024-2025 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері
Жасанды интеллект мүмкіндіктері мен әуелеті
- «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі»
- Оқу-әдістемелік кешендер құрастырудың әдістемелік ерекшеліктері. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Сонымен бірге, «Тәжірибе алмасу алаңында» мектеп-гимназияда оқу-тәрбие процесін жетілдіруде орын алып жатқан олқылықтар да сараланып, алдағы оқу жылында педагогтерге нақты міндеттер жүктелді.
Жаңа оқу жылында Педагогтерге шығармашылық табыс тілейміз.