05
январь
2024
«Менің тәжірибемнен» тақырыбында тәжірибелік тренинг
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Ахмет Байтұрсынов
«Жас мамандар» мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес «Менің тәжірибемнен» тақырыбында тәжірибелік алаң болып өтті.
Тәжірибелік алаңда мектеп-
гимназиямыздың ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абитова Венера «Оқытудың заманауи әдістері мен тәсілдері» бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.